Тұңғыш Президент Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті

Бүгін елордада Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті.
Кездесу барысында тараптар діни саладағы ағымдағы жағдайды талқылап, Қазақстанның тарихи және рухани байлығын сақтауға бағытталған шараларға назар аударды.
Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Наурызбай қажы Тағанұлын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти лауазымына сайлануымен құттықтады.
– Тағайындалуыңызбен құттықтаймын. Сіздің тиісті білім мен тәжірибеңіздің бар екенін білемін. Қызметтеріңізге табыс тілеймін, – деді Елбасы.