РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ӘСЕМ КИІМ – ӘЙЕЛ АЖАРЫ» СӘН БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен республикалық «Әсем киім – әйел ажары» атты мұсылман әйелдерінің сән байқауы өз мәресіне жетті.
Игі шараның мақсаты – ұлттық және діни құндылықтарды дәріптеу, қазақы болмысқа сай заманауи үлгідегі киім үлгілерін насихаттау, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды жаңғыртуға үлес қосу. Байқауға еліміздің әр өңірінен тігіншілікке бейім, сән өнерін серік еткен шеберлер қатысты.
Қазылар алқасы ұлттық нақыштағы, шариғат талабына сай үлгілерді сараптап, үздіктерді анықтады. Нәтижесінде жүлдегерлер төмендегідей марапатталды:
1- орын – Маңғыстау облысынан келген Жайсыбаева Айтгүл Сағыдыллақызы, «Aitgul» сән үйінің жетекшісі;
2 - орын – Қарағанды облысынан Мұхамедина Гүлзат Тлеуқабылқызы, «KERBEZ» сән үйінің дизайнері;
3 - орын – Астана қаласынан Мустафаева Айгерім Мұратқызы, «Aqmonshak» брендінің жетекшісіне бұйырды.
Шара соңында жеңімпаздарға ҚМДБ атынан ақшалай сыйлықтар мен Алғыс хаттар табыс етілді.