РАМАЗАНДЫ ҚҰРАНМЕН ҚАРСЫ АЛҒАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Рамазан айының қарсаңында Нұр-Мүбарак оқу-әдістемелік мешітінің бір айлық діни сауат ашу курсын аяқтаған шәкірттерге сертификат табысталды.
Әр түрлі жастағы ер мен әйел кісілер бас аяғы 101 білім талап етуші қасиетті Құранды дұрыс оқуды меңгерді. Бұл – олардың бірнеше апталық еңбегінің, табандылығы мен ынтасының жемісі. Жиында мешіттің бас имамы Жалғас Жақсыбекұлы мен ұстаз Жанат Алдиярова шәкірттерге ақ батасын беріп, алған білімдерін өмірлерінде қолдануға, Құран нұрымен жүруге шақырды. Ерекше рухани ортада өткен шара жамағатқа да әсерлі сәттер сыйлады.
Құран – жүректерге шипа, өмірімізге бағыт беретін шырақ. Алла тағала баршамызды қасиетті кітаппен амал етушілерден болуды жазсын!