«БІР МЕЗЕТТЕ БІР ДҰҒА» АЛМАТЫ МЕШІТТЕРІНДЕ ТАСҚЫН СУДАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ ДҰҒА ЖАСАЛДЫ (ФОТО)
ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Алматы қаласы бойынша барлық мешіттерінде бір мезетте құптан намазынының алдында Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккен бауырларымызға дұға жасалды.
Имамдар жамағатпен бірге Алла Тағаладан қасиетті Құран аяттарының нұрымен халқымызды, елімізді, жерімізді бүкіл қазақ даласын табиғи апаттардан, зілзаладан, топан судан, өрттен, кеселден, түрлі індеттерден аман сақтауын сұрады. «Бірнеше күннен бері тасқын судан жапа шегіп, қиындыққа тап болған жерлестерімізге Өзің жар болып, кең байтақ жазира даламызды табиғи апаттан сақтай гөр» деп дұға етті имамдар.
Айта кетсек, күні кеше Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Алматы өкілдігі бойынша жауаптылары су тасқынынан зардап шеккен елдімекендерге қаржылай қолдау білдіру мақсатында көмек жинау есебін ашқанын мәлімдеді. Қиын жағдайға тап болып, тасқын судан зардап шеккен бауырларымызға қолдау білдіремін десеңіз төмендегі сенімді реквизитке қаржылай көмегіңізді аударуға болады.
8 701 163 4193 Бауыржан К.
Алматы өкілдігінің баспасөз қызметі