ҚМДБ қызметкерлері "ХАСЕКИ" академиясында (ФОТО)
Бас мүфти кеңесшісі Балтабай Мекежанов бастаған қазақстандық делегация Түркияның Ыстамбұл қаласында орналасқан "Хасеки" академиясында болып, оқу орынның жұмысы мен білім беру жүйесімен танысты.
Екіжақты кездесуге ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысхан, Іс басқарушы Ербосын Орын, Баспа және аударма бөлімінің меңгерушісі Мұрат Манапұлы, Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділла Бекжігітов, баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы қатысты.
Әуелі делегация мүшелері "Хасеки" академиясының директоры, доктор Әділ Бор мырзамен кездесті. Ол діни оқу орынның білім жүйесімен таныстырды.
Бүгінде "Хасеки" академиясында әлемнің әр түкпірінен келген 160 жас ғалымдар тәлім алады екен. Директордың айтуынша, аталған оқу ордасында сынақтан өтпеген дін қызметкері Түркияның діни саласында қызметке қабылданбайды. Ал оқу мерзімі – 3 жыл.
Кездесуден кейін делегация мүшелері дәрісхананы, кітапхананы, асхананы аралап, ұстаздармен, тәлім алып жатқан шәкірттермен сұхбаттасты.