Жаңалықтар

Қазақстанда алғаш рет Шариғат қағидалары мен нормаларына сай келетін төлем картасы шығарылды

Елімізде исламдық қаржыландыруға деген қызығушылық жылдан-жылға өсуде. Сондықтан Елбасының бастамасымен құрылған «Астана» халықаралық қаржы орталығының стратегиялық дамуының бағыттарының бірі болып исламдық қаржыландыру табылады. Соның ішінде, ислам банкингінің, банктік емес қызметтер мен ислам қор нарығының  дамуы ерекше орынға ие.
 
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есебіне сәйкес 45,6% респонденттердің (олардың ішінде 33% мұсылман емес) исламдық қаржы ұйымдарының қызметін тұтынғысы келетінін айтты: 28% респонденттер ипотека арқылы тұрғын үй алуға,  11% автонесиеге және 11% шағын және орта бизнесті қаржыландыруға қызығушылық танытты.
 
Бұл ретте, отандық исламдық қаржы нарығындағы исламдық қаржы ұйымдары тек корпоративті секторға ғана қызмет көрсетеді.
 
Осыған байланысты,  лизинг нарығында 17 жылдан аса тәжірибесі бар «Аль Сакр Финанс» АҚ (бұдан әрі – Компания) исламдық қаржыландырудың алуан түрлі қызметтерін ұсынатын исламдық қаржы компаниясына айналуға бел буды.  
 
Шариғат кеңесі ретінде исламдық қаржыландыру бойынша 12 мемлекетте консультация жүргізетін жетекші халықаралық ұйым  Shariyah Review Bureau  (Бахрейн) таңдалды.
 
Стратегиялық мақсаттарына сәйкес Компания бүгінгі таңда жаңа қаржы өнімдерін әзірлеуде. Бұл ретте Компания Шариғат қағидалары мен  нормаларына сай келетін төлем картасын ұсынды.  
 
Төлем карталары Компания мен «Астан Банкі» АҚ-ң бірлескен өнімі болып табылады.  
 
Карталардың негізгі ерекшелігі болып олардың толықтай Шариғат қағидалары мен нормаларына сәйкестігі табылады.
 
Карточкалардың артықшылығы:
 
  • шоттағы қалдыққа сыйақы есептелмейді;
  • картадағы қалдық соманы банк-эмитент пайыздық табыс қалыптастыруға қолданбайды;
  • Шариғат қағидаларына қайшы келетін тауарлар мен қызметтер бойынша транзакцияларға шектеулер қойылған;
  • картаға он-лайн тапсырыс беру мүмкіндігі бар;
  • әрбір сатылымнан 1,5 % дейінгі cashback мөлшері;
  • тегін жеткізу;
  • мультивалюттілік: қаржыны  KZT, USD, EUR, RUB, GBP сақтау;
  • қаражатты толдықтыру мен алу үшін комиссияның жоқтығы;
  • дүние жүзі бойынша төлеу мүмкіндігі;
  • 1 000 аса серіктестіктерден жеңілдік;
  • мобильді банкинг және басқа.
 
Алдын-ала тапсырысты www.goislamic.kz сайты арқылы жүзеге асыруға болады. Картаны қолға жеткізу арқылы үстіміздегі жылдың қараша айында алуға болады.
ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

АУДАРҒАН Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Теги: Қазақстан

Тақырып бойынша жаңалықтар

Президент Назарбаев Ердоғанды сайлаудағы жеңісімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Режеп Ердоғанды Түркия Республикасы Президентінің сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналып Құран оқылып, құрбан шалынды
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің тапсырмасымен Алматы қаласы Орталық мешітінде «31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне» орай Құран оқылып, құрбан шалынды....
«Ақсай» мешітіндегі жамағатпен жүздесу
Алматы қаласы Орталық мешітінің Бас имамы Еркінбек қари Керімбекұлы қала мешіттеріндегі Рамазан айында тарауық намаздарында оқылып жатқан Құран хатымдардың өту барысын қадағалау мақсатында әрбір мешіттерді аралап, жамағаттармен жүздесу өткізіп келеді. ...
БАС МҮФТИ ЕУРАЗИЯЛЫҚ МЕДИАФОРУМҒА ҚАТЫСТЫ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Алматы қаласында өтіп жатқан XIV Еуразиялық медиафорумға қатысты.
Астанада постмодернизм стилінде салынған жаңа мешіт ашылды
Бүгін Астана қаласында сәулеті ерекше мешіт ашылды. Алла үйінің ашылу салтанатты рәсіміне мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.
Алматы имамдары Рамазанға әзірліктерін пысықтады
Алматы қаласы Орталық мешітінің Бас имамы Еркінбек қари Керімбекұлының бастамасымен қаладағы 49 мешіттің бас имамдары басқосып, қасиетті Рамазан айының алдында қала бойынша мешіттердегі әзірліктерін пысықтады. Алғашқы сөз сөйлеген Алматы қаласының өкіл имамы Еркінбек қари Шоқаев Рамазан айында атқар...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Алматы қаласында Ораза айт намазы маусымның 25 күні таңғы сағат 6:00-де оқылады
Рамазан айы үлкен мерекемен аяқталады. Бұл мереке – Ораза айт мерекесі. Бұл күні барлық мұсылмандар мерекелік намаз – Айт намазын жамағатпен оқу үшін мешітке ағылады. Намаздан соң мерекелік құтпаға қатысу – сүннет болып табылады. Бұл күні мұсылмандарға мүмкін болса жуынып- шайынып, ер адамдар үстіле...
Акция: Рамазан қадиясы - 2017
Бірнеше уақыт кешігіңкіреп, жыл сайын дәстүрге айналған «Рамазан қадиясы» атты акциямыздың басталуын тағы да жариялап отырмыз. Акцияның мақсаты: Қасиетті Рамазан айы бойы, Алланың разылығы үшін басқаларға да жәрдем бергісі келетін мұсылмандар, жарияланған мөлшерде қаражат жинап, сол қаражатқа тұрмыс...
Алматы Орталық мешітінде хатым Құранның дұғасы оқылады
9 маусым күні Алматы Орталық мешітінде әр бір мұсылман үшін ерекше құнды болып табылатын xатым Құранның дұғасы оқылады.
Төзімділікке шақыру...
Әр Рамазанның әйтеуір бір жанжалсыз өтпейтініне біздің, мұсылмандардың етіміз үйреніп қалған. Биыл, алдыңғы жылдардағыдай, кезекті жанжалға себеп болған нәрсе – кейбіреулердің ойынша, мешіттерде тарауих намазының өте қатты дауыспен оқылуы адамдардың, нақтырақ айтқанда, бұл туралы өзінің Фейсбук пара...
Талапкер-2017: Әбу Ханифа медресе колледжі талапкерлерді оқуға қабылдайды
2017-2018 оқу жылына Алматы қаласы, Медеу ауданында орналасқан Техникалық және кәсіптік білім беру беру мақсатында ашылған колледжге оқуға түсемін дейтін талапкерлердің өтініштерін қабылдау 20 маусымнан бастап 20 тамыз аралығында жүзеге асырылады....
Қазақстан қалаларына арналған Ораза уақытының кестесі - 2017 жыл
Кұрметті жамағат. Назарларыңызға Қазақстан қалаларының Ораза кестесін ұсынып отырмыз. Ораза уақыттының кестесі өте жоғары сапада жасалған. Қалаған адам өзінің туыстарына, достарына және таныстарына бірнеше данасын шығарып алып, сауап жинау мақсатында таратуына болады....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
10 Зуль-каада 1439
Миләди
23 шілде 2018
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 22:03

Тарауих намазы 2018

Модератор сайта
10 сағат. бұрын

В Иордании нашли самый старый в мире хлеб

Ассаламу алейкум, хотел поблагодарить Ваш сайт, за подобную и важную информацию. Прекрасное чтиво, д

Abylai Kamzin
19 июля 2018

Ханафитский фикх по книге "Нуруль-идах ва наджатиль-арвах"

Ассаляму алайкум Могу скинуть громкий файл кому надо иншаАллах

AbdAllah Sherzod
17 июля 2018
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi