"ҚАЙЫРЫМДЫ ЖҰМА" АЯСЫНДА ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ
Алматы қаласы өкілдігінің жылдық жоспарына сәйкес Алатау ауданында "Қайырымды жұма" акциясы аясында екі қайырымдылық шарасы өткізілді.
Аудандық "Зекет және Қайырымдылық" қоры бағытының ұйымдастыруымен жұма күнінде мерекелік қуаныш сыйлау мақсатында "Әл-Әзим" мешітінде балаларға ойын-сауық алаңдары құрылып, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады. Жұмаға жиналған жамағатқа 300 адамдық дастархан жайылып, ауданның бас имамы Амантай Садиев "Жұма күнінің қасиеті" жайында уағыз айтты.
Қайырымды жұманың берекеті Эльмира Сағымбайқызының отбасында да үлкен қуаныш сыйлады. Таза ауыз суынан су құдығы қазылып, қолданысқа берілді.
Қасиетті Жұма күнінің жомарттығын сезіндіріп, жақсылықта жарысқан барша мұсылманға Жаратқан жар болсын!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі