ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ «АБДУЛЛА» МЕШІТІНДЕ СЕМИНАР ӨТТІ
Түрксіб ауданы «Абдулла» мешітінде «Қарияға құрмет - мұсылмандық міндет» атты семинар өткізілді.
Елімізде аталып өтілетін 1- қазан Қарттар күніне орай мешіттің ақсақал жамағаты мен ақ жаулықты әжелермен басқосу іс-шарасы ұйымдастырылды. Семинарға арнайы шақырылған құрметті қонақтар қоғам қайраткері, Ф.ғ.д., тіл жанашыры Асылы Осман, қазақ ақыны, драматург, сазгер Исрайл Сапарбай және ақын Камнұр Тәлімұлы қатысты. Өнегелі өмір жолы мен атадан балаға мирас тәлім-тәрбие жайлы сөз қозғалды. Ұлт болашағы және қоғамның саулығы үшін бірлік мен ынтымақты сақтап үлгі бола білудің маңыздылығы айтылды. Мешіт қызметкерлері қонақтар мен мешіттің қадірлі жамағатына алғыстарын айтып, сый-құрмет көрсетті.
Алматы өкілдігі бойынша баспасөз қызметі