Қарағандыда VIIІ Республикалық Құран жарысына іріктеу сайысы өтті (фото)
Кеше облыстық «Әнет баба» мешітінде ҚМДБ-ның Құран Кәрімді жатқа және мәнерлер оқу бойынша VIIІ Республикалық Құран жарысына Қарағанды облысы бойынша іріктеу сайысы жүргізілді.
Сайысты Қарағанды облысының өкіл имамының орынбасары Кәрсембай Дархан Асылтайұлы ашып, қатысушыларға қысқа ақыл-кеңестер бере келе, оларға табыс тіледі. Келесі кезекте қатысушыларды арнайы бекітілген әділқазылар алқасы сарапқа салды. Олардың құрамында Кәрсембей Дархан Асылтайұлы, Абилов Марғұлан Балтабайұлы, Айбек Омар Ғалымжанұлы, Фарук Ок, Мухаммад Мустафа Мухаммад Месеббаһ болды.
Үміткерлер үздігін анықтау қазылар алқасына оңайға тимегенін шәкірттердің әрбірінің тыңғылықты дайындықпен келгені көрсетіп отыр. Қазылар алқасының шешімімен осы жылы өтетін VIIІ Республикалық Құран жарысына Қарағанды облысының атынан 30 пара бойынша бірінші орын Исмаилов Азамжан , 20 пара бойынша бірінші орын Рамазан Мұрат, 10 пара бойынша бірінші орын Амангелдинов Жасұлан иеленді. Ал мәнерлеп оқу номинациясы бойынша бірінші орынды Аманжолов Сұлтан қанжығасына байланды.
Облыстық іріктеу сайысында үздік шыққан үміткерлерге алғысын білдірген өкіл имам Өмірзақ қажы Бекқожа оларға алда болатын Республикалық сайыста жоғары нәтиже көрсететініне сенім білдірді. Сайысқа қатысқан барлық үміткерлер өкіл имамның «Марапат хатымен» марапатталды.
ihsan.kz