ӘДЕМІ ӘУЕЗДІ АЗАНШЫ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйырығымен Алматы Орталық мешітінің азаншысы қызметіне Ерлан Битенов тағайындалды.
Алматы Орталық мешітіндегі алғашқы тарауих намазында қаланың бас имамы Төлеби Дәділұлы жаңадан тағайындалған азаншы Ерлан Битеновті жамағатқа таныстырды. Алматы Орталық мешітінің азаншы қызметін сеніммен атқарып, қала тұрғындары мен қонақтарының және жамағат көңілінен шығуына сәттілік тіледі бас имам.
Е.Битенов 2009-2010 ж.ж. Шымкент қаласы, Шымкент медресесінде қарилықты тәмамдаған. 2014-2018 ж.ж. Шымкент қаласындағы «Отырар» университетінің «Дінтану» факультетін аяқтаған.
Ол 2010-2011 ж.ж. Шымкент қаласындағы «Оразкүл ана» мешітінде имамдық қызмет атқарған. 2011-2014 ж.ж. Алматы қаласы «Фирали Ферғанұлы» мешітінде азаншы. 2015-2021 ж.ж. Астана қаласы «Әзіреті Сұлтан» мешітінде азаншы қызметін атқарған. 2021 жылдан бастап, Түркістан облысы, Төле би ауданы, Ленгер қаласы орталық Нұр мешітінде ұстаздық қызметін атқарды.
Мүфтияттың ұйымдастыруымен 2020 жылы Маңғыстауда өткен «Әдемі әуезді азаншы» IV республикалық азаншылар жарысының Бас жүлдегері.
«Мүфтият үздігі – 2024» марапатында «Үздік ұстаз» номинациясымен марапатталған.
«Рамазан - кешірім мен сабыр айы. Барша мұсылман қауымына қасиетті Рамазан айы құтты болсын! Алла Тағала ұстаған оразаларыңызды, жасаған құлшылықтарыңызды қабыл етсін!», - деп атап өтті бас имам.
Алматы өкілдігі бойынша баспасөз қызметі