Намазды онлайн оқуға бола ма?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 06:41

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:22 06:41 11:40 14:50 16:32 17:51
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
12 Джумада-авваль 1446
Миләди
14 қараша 2024

Жаңалықтар

Намазды онлайн оқуға бола ма?

Коронавирус індетінің таралуына байланысты бүгінде бірқатар елдердегі мешіттерде жұма және бес уақыт намаздың уақытша тоқтатылғаны баршамызға мәлім. Біздің елде де жұма намазы уақытша тоқтатылды. Оның орнына әркім өз үйінде бесін намазын оқуда.  Алайда осы кезде Мәскеу орталық мешітінде жұма намазының онлайн-трансляция арқылы өткізілуі біраз тартысты пікірлер туындатты. Жамағат тарапынан «Неге біз де жұма намазын осылай оқымаймыз?», «Бүгінде намазды онлайн арқылы өтеуге қандай кедергі бар?» деген сұрақтар және түрлі ойлар  айтыла бастады. 

Шынын айтқанда, әлемдегі мұсылман ғалымдарының басым көпшілігі құлшылықты онлайн арқылы өткізуді құптамайды. Тіпті ондай пәтуаны дұрыс емес деп есептейді. Өйткені, шариғат бойынша Алланың нақты үкімі келгенде, Оның елшісі бір кесімді сөзге тоқтағанда немесе бір заманның көпшілік ғалымдары бірауызды шешім қабылдағанда ешкімнің оны өзгертуге хақы жоқ. Және оған мына дәлелдерді алға тартады:

Алла Тағала Құранда: «Алла және Оның елшісі бір іске үкім шығарса, ешбір иманды ер мен иманды әйелге басқа шешім таңдауға жол берілмейді. Кімде-кім Алла және Оның елшісіне қарсы шықса, онда ол анық адасыпты», – делінген («Ахзап» сүресі, 36-аят).

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Муазды Йеменге жіберер кезде:

– Сенен бір мәселе жайлы сұраса, оның үкімін қалай айтасың?

– Алланың кітабына сүйеніп айтамын.

– Іздеген жауабыңды Алланың кітабынан таба алмасаң ше?

– Онда Алла елшісінің сүннетімен айтамын.

– Алла елшісінің сүннетінен де таба алмасаң ше?

– Онда бар білімімді салып ижтиһад етемін, – деді.

Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Муаздың арқасынан қағып: «Пайғамбардың елшісін (Муазды) Алла елшісі разы болатын іске үйлестіріп қойған Аллаға мақтаулар болсын!», – деді (Әбу Дәуіт).

Шариғи үкім Құран немесе сүннетке негізделген болса, оған тағы басқа шешім іздеудің қажеті жоқ. Өйткені, ол пайдасыз бос әрекет болып қалады. Сондай-ақ, ақылмен шығарылған шариғи үкім болжамды болып есептеледі. Ал, нақты дәлелмен шығарылған үкім анық әрі сенімді болады. Анық нәрсе қашанда болжамды нәрседен басым түседі.

Бұны шариғаттағы «Нақты шариғи дәлел (Құран аяты, сахих хадис және ижмағ) бола тұрып, (қиясты пайдаланып) ижтиһад етуге рұқсат берілмейді»  деген фиқһ қағидасы қуаттай түседі. Негізінде, ижтиһад екі түрге бөлінеді.

Біріншісі, аят немесе хадистің мағынасын жете түсініп, оның үкімін өмірде қалай қолдану керектігін білу үшін ижтиһад ету. Мысалы, мужтаһидтер «Бақара» сүресінің 228-аятындағы «қуруъ» деген сөздің мағынасын осылай түсіндірген.

Екіншісі, қияс ережесі немесе ақыл-оймен ижтиһад ету. Бұл ижтиһад қандай да бір мәселенің үкімі Алланың кітабында, сүннетте немесе ижмағта табылмаған жағдайда қолданылады. 

Мысалы, мына секілді мәселелерде ижтиһад етуге жол берілмейді:

  1. Пайдадан қағылып, материалдық қиындыққа ұшыраған кезде немесе ойлаған мақсатын тезірек жүзеге асыру үшін пара беру дұрыс деп пәтуа айту. Ал Абдулла ибн Амр (одан Алла разы болсын) жеткізген хадисте: «Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пара берушіні де, пара алушыны да лағынеттеді» (Әбу Дәуіт, Тирмизи), – деген. Сонымен қатар бұл жерде пара беруге ешқандай зәрулік табылып тұрған жоқ.
  2. Дәстүрлі банктердің бірінен несиеге ақша алу немесе пайыз есептелетін депозит ашу дұрыс деп айту. Алайда, Құран Кәрімде өсімқорлықтың дұрыс еместігі туралы: «Алла саудаға рұқсат берді, ал өсімқорлыққа тыйым салды» («Бақара» сүресі, 275-аят), «Уа, мүміндер, иман келтіргендерің шын болса, Алладан қорқыңдар да, өсімқорлықтан түскен пайдаға жоламаңдар!» («Бақара» сүресі, 278-аят) деп баяндалды.
  3. Мұраны ұл мен қызына тең бөлу керек деп пәтуа айту. Бір жағынан мұндай пәтуа көңілге қонымды әрі әділетті болып көрінеді. Дегенмен, Құран Кәрімде бұның үкімін: «(Қайтыс болған мұсылманның артында қалған)балаларының мұрагерлігі жөнінде Алла былай деп бұйырады: (Ата-анасының қалдырған мұрасындағы) бір ер баланың үлесі – екі қыздың үлесімен тең», – деп айқын көрсетіп берді («Ниса» сүресі, 11-аят).
  4. Жұма намазын онлайн режимде оқуға болады деп айту да осыған ұқсас. Абдулла ибн Аббас ауа райының қолайсыздығы себепті адамдарға зиян тиюі мүмкін болғандықтан жұма намазды мешітте емес әркім өз үйінде бесін намазын оқығанды дұрыс деп тапты. Ол бұны Алла елшісінен көрген болатын (Бұхари, Муслим). Сондай-ақ, ғалымдар жұма намазының орнына бесін намазын оқу керектігін бірауыздан қабылдаған және осы күнге дейін әһлі сүннет ғалымдарының біреуі де бұған қарсы келмеген. Сондықтан, жұма намазы мен басқа да жамағат намаздарын онлайн арқылы жүргізу – үкімді өзгерту. Сонымен қатар, адамдар бір жерде құлшылық етсе ғана, олар жамағат болып саналады. Ал, жамағат болмаған және жамиғ-мешітте оқылмаған жұма намазы шариғат бойынша дұрыс болып есептелмейді.

Алла Тағала елімізді түрлі апаттардан сақтап, жұма намазы мен бес уақыт намазды мешітте көпшілікпен бірге оқитын бейбіт, тыныш күндерге жеткізгей! Әмин.   

Хасан АМАНҚҰЛ,

Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары

«Мұнара» газеті, №7, 2020 жыл

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Орта Азия ғұламаларының онлайн жиыны өтті (ФОТО)
Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан мұсылмандары діни басқармаларының жауапты өкілдерінің қатысуымен онлайн жиын өтті....
Бас мүфти: тарауық намазы мешіттерде оқылмайды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн баспасөз маслихатында төтенше жағдай кезінде діни іс-шараларды өткізу тәртібі туралы баяндады....
Бас мүфти карантин кезінде кімдерге ораза ұстамаса болатынын айтты (ФОТО)
Бүгін Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде өткен брифингте Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы карантин кезінде кімдерге ораза ұстамаса болатынын мәлімдеді. ...
24 сәуір – Рамазан айының бірінші күні
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде өткен брифингте қасиетті Рамазан айының басталатын күнін мәлімдеді....
«БЕРЕКЕЛІ ОТБАСЫ» республикалық байқауы жарияланды
Жалпы мәлімет «Берекелі отбасы» атты байқау (ары қарай – Байқау) Республикалық ашық отбасылық байқау болып саналады; Байқау үш турдан тұрады; Байқау 2020 жылдың 9 және 30 сәуір аралығында өтеді....
Ислам ынтымақтастығы ұйымы бас мүфти бастамасын қолдады (ФОТО)
Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (ИЫҰ) ресми сайтында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының барша мұсылман үмбеті мен Ислам ғұламаларына жолдаған Үндеуі жарияланды....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
12 Джумада-авваль 1446
Миләди
14 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 06:41

Бесінге дейін 01:18

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi