«БЕРЕКЕЛІ ОТБАСЫ» республикалық байқауы жарияланды
        БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы мәлімет
	
- «Берекелі отбасы» атты байқау (ары қарай – Байқау) Республикалық ашық отбасылық байқау болып саналады;
 - Байқау үш турдан тұрады;
 - Байқау 2020 жылдың 9 және 30 сәуір аралығында өтеді.
 
 
- Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
	
- Отбасылық құндылықтарды насихаттау;
 - Дәстүріміз бен мәдениетіміздің діңгегі болған асыл дініміздің құндылықтарын насихаттау;
 - Қасиетті Рамазан айына дайындық.
 
 
- Байқауға қатысу талаптары:
	
- Байқауға Қазақстан аумағында тұратын кез-келген отбасы қатыса алады;
 - Байқауға қатысуға ниетті әр отбасы ҚМДБ-ның muftyat.kz ресми сайтындағы байқау ережесімен танысып, осы жылдың 17 сәуіріне дейін berekeli-otbasy@mail.ru поштасына жазбаша өтінім жолдауы қажет (өтінімді жүктеу).
 - Сондай-ақ, ереженің 4-тармағына сәйкес І, ІІ, ІІІ турға қатысатын отбасылық еңбектерін осы жылдың 17 сәуіріне дейін отбасы мүшесінің бір инстаграм парақшасына ғана жүктелуі керек;
 - 17-30 сәуір аралығында әр отбасының өз парақшаларына #берекеліОтбасы хэш-тегімен және @muftiyatkz тэгімен жүктелген материалдары көрермен назарына ұсынылады, ең көп лайк жинаған отбасы жеңімпаз атанады.
 
 
- Байқаудың өту тәртібі:
 
І-тур – «Менің отбасым»:
- Отбасы мүшелерінің шығармашылық қабілетін пайдаланып, ауызша, өлең түрінде немесе ұлттық аспаптармен сүйемелденген 2-3 минуттық видео арқылы өздерін, отбасының ерекшеліктерін таныстырып, инстаграмға #берекеліОтбасы1тур хэш-тегімен және @muftiyatkz тэгімен жүктейді;
 - «Берекелі отбасы» тақырыбында отбасының ортақ бір суретімен отбасы құндылығы мен шаттығы туралы пост жазып, жариялап, #берекеліОтбасы1тур хэш-тегімен және @muftiyatkz тэгімен инстаграм парақшасына жүктейді.
 
ІІ-тур – Үй тапсырмасы:
- Отбасы атынан баланың қолымен «Біздің сүйікті мешітіміз» атты сурет салып, қысқаша сипаттамасын (қай жерде орналасқан, неше адамдық, аптасына неше рет барып тұрасыздар, осы мешітпен қандай қызықты сәттер байланыстырады т.б) жазып, #берекеліОтбасы2тур хэш-тегімен және @muftiyatkz тэгімен инстаграмға жүктейді;
 - Отбасы мүшелерінің Абай Құнанбайұлының өлеңдерінен кезектесіп үзінді оқу көрінісін (2-3 минуттық видео) #берекеліОтбасы2тур хэш-тегімен және @muftiyatkz тэгімен инстаграмға жүктейді;
 
ІІІ-тур – Берекелі Рамазан:
- Отбасы мүшелерінің шығармашылық қабілетін пайдаланып, ауызша, өлең түрінде немесе ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен «Жарапазан» айтып (2-3 минуттық видео) #берекеліОтбасы3тур хэш-тегімен және @muftiyatkz тэгімен инстаграмға жүктейді.
 
- Жеңімпаздарды анықтау және марапаттау:
	
- Отбасы мүшелерінің инстаграм парақшасына жүктелген еңбектерінің көрермендер көзайымына ие болып, ең көп лайк жинаған қатысушы отбасы жеңімпаз болып табылады;
 - І орын алған отбасыға (4 адамға) отандық шипажайға жолдама;
 - ІІ орын алған отбасыға тоңазытқыш;
 - ІІІ орын алған отбасыға үлкен плазмалық теледидар;
 - Сондай-ақ, 5 отбасыға ынталандыру сыйлығы беріледі.
 
 
- Қосымша мәліметтер алу үшін
	
- +7 (7172) 999-866, berekeli-otbasy@mail.ru.