Мысырмен байланыс беки түседі (ФОТО)
Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр Араб Республикасының Уақып вице-министрі Жабир Таиғ Сұлтанды қабылдады.
Кездесуде Қазақстан және Мысыр елдері арасындағы тарихи-мәдени, рухани байланысты арттыру мәселесі сөз болды.
«Аллаға шүкір, Қазақстан және Мысыр арасындағы байланыс жыл санап артып келеді. Біздің Сұлтан Бейбарыс бабамыз Мысыр елінің өркениетіне үлкен үлес қосты. Жуырда Мысырға барған сапарымда Сұлтан Бейбарыс мешітіне зиярат етіп, құрылыс жұмысымен таныстым. Сұлтан Бейбарыс мешіті Қазақстан мен Мысыр елі арасындағы діни һәм мәдени байланыстың символы іспетті. Алла Тағала бауырластық байланысымызға береке берсін» деп атап өтті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.