МЕДИАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫМЕН КЕЛІСІМ ЖАСАЛДЫ
ҚМДБ Алматы Орталық мешітінің бас имамы Төлеби Оспан және «Халықаралық құқық қорғау орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Жақыпов Жанділда Әжіғалиұлы келісім-шартқа қол қойды.
Жергілікті әкімдік келісімімен АХАЖ бөлімінің қызметкерімен бірлесіп, неке және отбасын сақтау мәселесін қарастырып, медиация жұмысына белсенді араласуды және мешіттер жанындағы "Отбасылық кеңес беру орталықтарының" жұмысын жетілдіру мақсатында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
"Біздің имамдарымыз қоғамдағы түйткілді мәселелерге төтеп беріп, ажырасуға шешім қабылдаған қаншама отбасын сақтап қалуға тырысып келеді. Шариғаттағы отбасының маңыздылығы, ер мен әйелдің жауапкершілігі кеңінен түсіндіріледі. Ымыраға келіп, тату-тәтті болып отырған шаңырақ иелері алғыстарын айтып жатады", - деп атап өтті қаланың бас имамы Төлеби Оспан.
Меморандум мақсаты – сотқа дейінгі және соттан тыс дау-дамай мен қақтығыстарды реттеу және соттық реттеу институттарын жан-жақты дамыту, олардың қызметтерін белсенді түрде жүзеге асыруда өзара ынтымақтастық танытып, бірлесе әрекет жасау болмақ.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі