ИМАМДАР «ШАҢЫРАҚ» ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҒЫН ЗИЯРАТ ЕТТІ
 
        Жылдық жоспар негізінде 1-қазан Қарттар күніне орай Әуезов ауданы «Мүзәмміл» мешітінің ұйымдастыруымен «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет орталығында» қайырымдылық шарасы өткізілді.
Ардақты Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жеткен хадисте: «Шын мәнінде Алла Тағаланы ұлықтаудың бір жолы – мұсылман қарт адамды құрметтеу» деп мәні мен мағынасы терең ой айтқан. Осы орайда ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы барысында «Мүзәмміл» мешітінің бас имамы Жұманәлі Аманов «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет орталығындағы қарт кісілердің хал-жағдайын біліп, сыйлықтар үлестірді. Дін қызметкерлерінің қамқорлығына риза болған қариялар алғыс айтып, бата берді.
Алматы өкілдігі бойынша баспасөз қызметі




 
                         
             
             
             
             
             
             
             
             
             Намаз уақыттары
        Намаз уақыттары     
                     
                     
                     
                     
                    .jpg) 
                    .jpg) 
                    .jpg)