«БЕКЕТ АТА» МЕШІТІНДЕ ҚАРИЯЛАРҒА ДАСТАРХАН ЖАЙЫЛДЫ
1-Қазан қарттар күніне орай ҚМДБ “Зекет және қайырымдылық” қоры Алматы өкілдігінің ұйымдастыруымен Алатау ауданы “Бекет ата” мешітінде ақсақал аталар мен ақжаулықты әжелерімізге дастархан жайылып, сыйлықтар үлестірілді.
“Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету - ата-бабадан келе жатқан қасиет-салтымыз. Дін мен дәстүрін қатар ұстанған еліміз “Қарттары бар ел - қазыналы ел”,- деп ата сөзін,әже әлдиін қадір тұтқан. Сый-құрмет алдымен сіздерге”, - деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Көпті көрген асыл қарттарымыз бақытты күн кешіп, қай кезде де халқына - сүйеу, жұртына қамқор боп, жүздерінен қуаныш пен күлкі кетпей, балалары мен немерелерінің қызығып көріп, аман-сау күн кешсін деп тілек-бата жасалды.
Алматы өкілдігі бойынша баспасөз қызметі