«ІЛІМ ЖОЛЫ - ЖӘННАТ ЖОЛЫ» 750 БІЛІМ АЛУШЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Алматы өкілдігі ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Құран - жүрегімнің көктемі» атты қала мешіттерінде дәріс алған шәкірттерді марапаттау кеші өтті.
Марапаттау кешінің шымылдығын Нұр-Мүбарак университеті және мешітінің ұстазы Жанат Алдияр Құран оқуымен ашылып, Қалқаман-2 мешітінің ұстазы Темірбаева Разия батасын жасады. «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам Мәдениеті Университетінде өткен салтанатты шараға Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Бекзат Сыздықов қатысып, оқу жылының басынан бері мешіттерде тұрақты түрде ілім алған қыз-келіншектер, ақ жаулықты аналарға алғыс айтып шәкірттерді құттықтады.
Қала бойынша 28 мешіттен 750 шәкірт марапатталып, сыйлыққа намазға баулау сияқты діни кітаптар табысталды. Сонымен қатар «Мырзахмет» мешітінің ұстазы Маржан Оразанбайқызы «Намаздың сырлары» тақырыбында уағыз-насихаттар айтты. ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторы Алматы өкілдігі бойынша жауапты маманы Гүлмира Ілесбайқызы шәкірттерге білім үйретуден жалықпаған ұлағатты ұстаздарға алғыс айтып, шәкірттерге діни білімін жалғастырып, ілімін арттыруда сәттілік тіледі.