ИХСАН ЖӘНЕ НАСИХАТ БАҒЫТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Нұр-Мүбарак оқу-әдістемелік мешіті 100-ге жуық жамағатқа Ихсан және насихат бағытында берекелі дастархан жайды.
Мешіт жамағаты бір дастархан басында бас қосып, Нұр-Мүбарак университетінің аға оқытушысы, PhD докторы, ұстаз Бижан Ілесбековтың «Ихсан – рухани тәрбие негізі» тақырыбында тағылымды уағызын тыңдады. Бауырмалдық пен бірлікке бастайтын насихат жиналған жастарға жағымды әсер қалдырды. Ұстаз Ихсанның мәнін терең тарқатып, әрбір істі Алланы көріп тұрғандай ықыласпен атқарудың маңызын әсерлі жеткізді. Уағыз жамағатқа ой салып, құлшылықтың сапасын арттыруға, ниетті түзеп, жүректі тазартуға шақырған рухани кешке айналды.





