МҮФТИЯТ БАСПАСЫНЫҢ КІТАПТАРЫ ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІНЕ ТАБЫСТАЛДЫ
Алматы қаласы өкілдігі мен Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен қаладағы түзету мекемелеріне ҚМДБ Мүфтият баспасынан жарық көрген 150 дана діни мазмұндағы кітап табысталды.
Аталған игі істі Әуезов ауданына қарасты «Ақсай» мешіті ұйымдастырды. Кітаптар Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелер арасында таратылып, экстремизм және терроризм баптары бойынша сотталған азаматтарды оңалту жұмыстары барысында қолданылатын болады.
Сондай-ақ, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтар арасында радикалды идеялардың таралуының алдын алу және деструктивті ағымдардың ықпалына түскен азаматтармен жүргізілетін оңалту жұмыстарының жүйелілігін қамтамасыз ету мақсатында ҚМДБ баспасынан арнайы жарық көрген «Құран інжулері» кітабының 150 данасы сыйға тартылды. Аталған кітаптар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің кітапханаларына қабылданады.


