АЛМАТЫДА «ҮЗДІК ҰСТАЗ - 2026» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Алатау ауданы «Бекет ата» мешітінде Алматы қаласы бойынша «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен ұстаздар арасында «Үздік ұстаз – 2026» атты байқау өтті.
Байқаудың ашылу рәсіміне қаланың бас имамы Төлеби қажы Дәділұлы қатысып, ұстаздарға сәттілік тіледі. ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Динара Құтқожақызы және әділ қазылар алқасы қатысушыларға төрелік етті.
Сайыс бес кезең бойынша ұйымдастырылды:
1. Таныстыру
2. Дәріс берудегі лайфхактар
3. Шығармашылық кезең
4. Сұрақ-жауап
5. Портфолио қорғау
Жарыс өте тартысты әрі мазмұнды өтті. Қатысушы ұстаздар өздерінің білімдері мен біліктіліктерін, шығармашылық қабілеттері мен ұстаздық шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетті. Жеңімпаздарды әділқазылар алқасының мүшелері ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Динара Құтқожақызы, «Мырзахмет» мешітінің ұстазы Ахметова Маржанқыз және ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Алматы қаласы бойынша жауапты маманы Гүлмира Ілесбайқызы марапаттады.
Жүлделі орын иелері:
І орын — Қасым Анар Қанатқызы. Бостандық ауданы «Бақыткелді» мешітінің ұстазы;
ІІ орын — Сарбала Айнұр Шәймерденқызы. Жетісу ауданы «Әл-Мадина» мешітінің ұстазы;
ІІІ орын — Әбдеш Айдана Наурызбай ауданы «Мұхаммед-Әмин» мешітінің ұстазы.
Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
«Бұл тағылымды шара ұстаздардың тәжірибе алмасуына, кәсіби тұрғыда дамуына және рухани-ағарту жұмыстарының жандануына үлкен үлес қосады деп сенеміз», - деді ұйымдастырушылар.
Алматы өкілдігі бойынша баспасөз қызметі

















