Ерсін Әміре мешіт имамдарына дәріс оқыды
ҚМДБ-ның жеті жұмыс бағытының бірі – Ихсан ілімін насихаттау мақсатында Шымкент орталық мешітінде «Ақида ілімі және сопылық тариқаттар» атты аймақтық рухани-танымдық семинар өтті.
Іс-шараны Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Семинарда ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Алматыдағы «Төле би» мешітінің бас имамы Ерсін Әміре мешіт имамдарына дәріс оқыды.
Ол семинар қатысушылары тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты дәлелдермен жауап беріп, Ихсан ілімі мен түрлі сопылық тарихаттардың шығу тарихына тоқталып өтті. Іс-шараға Шымкент қаласы мен Түркістан облысына қарасты мешіт имамдары қатысты. Рухани-танымдық семинар соңында барлық қатысушыларға сертификат табысталды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі