Бас мүфти «қайырымды кәсіпкерлер алқасымен» кездесті
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Семей аймағының бас имамы Асқар Әбітайұлының ұйымдастыруымен өткен «Қайырымды кәсіпкерлер алқасының» отырысына қатысты.
Індет кезінде елге етене көмектесіп және Семей өңірінде мешіт салуға атсалысқан азаматтар бүгін Бас мүфтидің атынан Алғыс хатқа ие болды.
Өз кезегінде ел мұсылмандарының төрағасы қай кезде болсын қамқорлық танытып жүрген қайырымды азаматтарға ерекше ілтипатын жеткізді.