ЕРЕЖЕП АЙЫНЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ ҚҰРАН ХАТЫМ ЖАСАЛДЫ

Алатау ауданы «Әскер ата» мешітінің ұйымдастыруымен Ережеп айының құрметіне іс-шара өтті.
Мешіт жамағатына ауыз ашар дастарханы жайылып, «Әскер ата» мешітінің бас имамы Ерлан Жеңісұлы «Сүннет салтымыз, дәстүр ғұрпымыз» тақырыбында уағыз-насихат айтты. Жиын соңында Құран хатым дұғасы оқылып, ел амандығы мен тыныштығы үшін бата жасалды.
Алматы өкілдігінің баспасөз қызметі