«БЕКЕТ АТА» МЕШІТІНДЕ ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНЫҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Алатау ауданы “Бекет ата” мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен “Келінім-үйге келген ырысым” атты жиын өтті.
Қазіргі қоғамдағы ажырасудың алдын алу үшін ене мен келін арасы татулығына баса назар аударылып, түрлі мысалдар келтірілді. Жиын барысында презентация мен керемет қойылымдар қойылды. Өзекті тақырыптарды ашқан Жұлдыз ұстаз бен Қалима Забидоллақызы өз насихатымен ене мен келін жайында кеңестерімен бөлісті. Сонымен қатар алдағы уақыттарда осындай ізгі іс-шаралардың жиі өтілуін алға тартты.