Бас мүфти: Рамазан айы құтты болсын! (ВИДЕО)
Алматы
Алматы Астана Шымкент Аксай Аксу Актау Актобе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Аркалык Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягоз Аққулы ауданы Байконур Байғанин ауданы Балхаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жанаозен Жанатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезказган Жетысай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Караганда Каратау Каскелен Келес ауданы Кентау Кокшетау Конаев Костанай Косшы Кульсары Курчатов Кызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавловск Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыагаш Сарыкөл ауданы Сарыозек Сатпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талгар Талдыкорган Тараз Таран ауданы Текели Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Туркестан Түлкібас кенті Узынагаш Уральск Усть-Каменогорск Федоровский р-он Форт-Шевченко Хромтау Целиноградский р-он Чапаево Чемолган Чу Шал ақын ауданы Шалкар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Экибастуз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Восход 06:28

свернуть
Фаджр Восход Зухр Аср Магриб Иша
05:10 06:28 11:39 15:01 16:43 18:01
свернуть
Календарь
Хиджра
24 Джумада-авваль 1448
Григорианский
04 ноября 2026

Новости

Бас мүфти: Рамазан айы құтты болсын! (ВИДЕО)

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,

Қазақстан мұсылмандары діни  басқармасының төрағасы, Бас мүфти

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау Аллаға тән. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын! 

Құрметті отандастар!

Баршамызды қасиетті Рамазан айына аман-есен жеткізген Аллаға сансыз шүкірлер болсын! 

Сіздерді исі мұсылманның ұлық айы – Рамазанның келуімен шын жүректен құттықтаймын! Әр отбасыға бақыт пен береке, бірлік пен татулық тілеймін!

Алла Тағала ұстаған оразамызды, жасаған дұғамызды, орынды себептермен ауыз бекіте алмай қалған жандардың қайырлы амалдарын қабыл еткей! Әмин!

Өздеріңізге белгілі, елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты мешітте жамағатпен оқылатын намаздарға уақытша шектеу қойдық. Әр азаматтың өмірі мен денсаулығы қымбат құндылық болғандықтан, жұқпалы індеттің алдын алу үшін осындай шешім қабылдауға мәжбүр болдық. 

Алайда уақытша сынақ кезінде жамағат намазы үшін мешіт есігі жабылғанымен, сауап есігі ешқашан жабылмайды. Қасиетті хадис-шарифте айтылғандай, мұсылманның ниеті – амалынан қайырлы.

Интернет желісі арқылы онлайн насихат тыңдап, үйден шықпай сауапты амалдарға ортақтасуға болады. Біз төтенше жағдай кезінде пітір садақасы мен зекетті онлайн режимде берудің оңтайлы жолын таңдадық.

Қадірлі халайық!

Рамазан – жақсылықта жарысатын ай. Алла Тағала қасиетті Құранда «Бақара» сүресінің 148-аятында: «...Жақсылықта жарысыңдар», – деп әмір еткен.

Карантин кезінде ауыз бекіткен жандарға азық-түлік жеткізіп беруді ұйымдастырсаңыз, тіпті көмекке мұқтаж отбасыларға ауызашарға кететін шығынды ұсынып, оларға қаржылай қолдау көрсетсеңіз, Алланың қалауымен ауызашар бергеннің сауабын аласыз. Жоғарыда айтқанымыздай, мұсылманның ниеті – амалынан қайырлы.

Осы ретте барша отандастарымды қасиетті айдың құрметі үшін ақысыз демалысқа шыққан азаматтардың пәтер ақысына мүмкіндігінше жеңілдік жасауға, күнделікті тұтынатын тұрмыстық заттар мен азық-түлік бағасын барынша төмендетуге, күллі жамандықтың бастауы болған арақ-шараптың сатылуына шектеу қоюға, көмекке мұқтаж отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетуге шақырамын.

Садақа – пенденің мал-дәулетін азайтпайды, керісінше, берекесін арттырады. Біз берген садақа бір отбасын қуанышқа бөлейді. Ендеше, көмекке зәру шаңырақты шаттыққа бөлеп, үлкеннің батасын алып, алғысына бөленейік.

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде кім бауырының қажетін өтесе, Алла оның қажетінде болады. Кімде кім мұсылманның бір қайғысын сейілтсе, Алла оның қайғы-қасіреттерінің бірін сейілтеді», – деген. Халық даналығында айтылатын: «Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің», – деген нақыл сөздің мәні осы болса керек.

Құрметті жамағат!

Рамазан – тәубе мен тәрбие, тақуалық пен қанағат, шүкір мен сабыр, мейірім мен қайырымдылық, береке мен бірлік айы. Ораза – сауап жинап, рухани кемелдену айы. Түйіндеп айтқанда, Рамазан – Раббымыздың мейрім-махаббатына бөленетін ай.

Алла Тағала Құдси-хадисте: «Аузы берік адам ішіп-жеуін Мен үшін доғарды. Ораза – Мен және құлымның арасындағы ғибадат. Оған берілетін сыйды Мен ғана өлшеп, Мен беремін. Аузы берік құлымның аштық пен шөлдеу себебінен шыққан ауыз иісі Мен үшін миск әтірінен де қайырлы», – деген.

Ендеше, берекелі айдың берекетінен құр қалмайық, халайық. Жәннат есіктері ашылатын айда жақсылықта жарысайық.

Алла Тағала ниетіміз бен амалымызды қабыл етіп, баршамызды Рамазаннан Рамазанға дейін айдан аман, жылдан есен жеткізе бергей!

Жер бетінде жұқпалы індет жойылып, ораза айтты мешітте қарсы алып, қуанышты сәтте қауышуды жазғай! Жаратушы Иеміз жұртымызға жар болғай, елімізді аман, жерімізді тыныш еткей! Әмин!

Рамазан айы құтты болсын!

ИСТОЧНИК muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Отзывы читателей (0)

Интересные материалы

«РАМАЗАН ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ» парақшасы ашылды (фото)
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Карантин жағдайындағы Рамазан» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында осылай деді....
Бас мүфти: «Отыз күнге – отыз уағыз» онлайн жобасы жүргізіледі (ФОТО)
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Карантин жағдайындағы Рамазан» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында осылай деді....
Бас мүфти Рамазанға байланысты баспасөз мәслихатын өткізді (ФОТО)
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Карантин жағдайындағы Рамазан» тақырыбында арнайы баспасөз конференциясына қатысты....
Пітір садақасы мен зекетті KASPI.KZ мобильді қосымшасы арқылы аударуға болады (ФОТО)
Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Рамазан айында берілетін пітір садақасы мен зекетті kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы аударуға болады.
Бас мүфти төрағалығымен онлайн төралқа мәжілісі өтті (ФОТО)
Бүгін елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Рамазан айы қарсаңында дәстүрлі Төралқа мәжілісі өтті....
свернуть
Календарь
Хиджра
24 Джумада-авваль 1448
Григорианский
04 ноября 2026
Время намаза
Сейчас

Восход 06:28

Время до Зухр 01:25

Является ли игра на домбре харамом?

Я полностью разделяю ваше прагматичное стремление легализовать домбру в контексте современной казахс

Крафтер Кудабай
2 шіл. 2026

27 мая в 6:00 в 56 мечетях Алматы состоится праздничный айт-намаз

Уалейкум ассалам! В этом году такого не было.

Администратор Azankz
27 мам. 2026

Урок 6: Обстоятельства, нарушающие омовение

Синяя кнопка в правом нижнем углу "Вопрос устазу".

Администратор Azankz
16 сәу. 2026

Время таравих намаза

Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатух, жамағатКак вы знаете, садака джария - милостыня с на

X
22 ақп. 2026

Первый таравих намаз - 18 февраля

Уалейкум ассалам. Да, в Казахстане вопросами наблюдения за луной в контексте определения начала лунн

Администратор Azankz
19 ақп. 2026
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi