Қыркүйек айының соңын ала Алматы қаласы Әуезов ауданы Ақсай мешітінде Алматы қаласының өкілі, Бас имам Еркінбек қари Керімбекұлының қатысуымен кезекті көшпелі жиналыс болып өтті. Басқосуға аталмыш екі ауданның бас имамдары, наиб имамдары, ұстаздары және азаншылары қатысты.
Жиынның негізгі мақсаты – жыл басында ҚМДБ және Алматы Орталық мешіті тарапынан берілген тапсырмалардың орындалу барысын талдау, атқарылған шаруалардың есебін беру, әрі алдағы уақытта атқарылуға тиісті жұмыстардың жоспарымен танысу болды.
Көшпелі жиналысты Бас имам сөз сөйлеп, жүргізіп отырды. Бас имам өз сөзінде ағымдағы жылы Бас Мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің қолдауымен жасалған істер мен тың бастамалардың бір парасына тоқталды. Сондай-ақ мешіт ісін өркендету мен мешіт қызметкерінің білім сапасын жақсырату әрі олардың жауапкершілік қызметін арттыру заман талабы екендігі тілге тиек етілді.
Сосын Алмалы ауданының бас имамы Құтышев Сейтбек пен Әуезов ауданының бас имамы Қаңлыбаев Лесбай аудан мешіттерінің тыныс-тіршілігімен таныстырып, тапсырмалар негізінде атқарылған және атқарылуға тиісті жұмыстар жөнінде баяндамаларын жасады. Ал, Таугүл мешітінің ұстазы Күлер Нұриддин мешіт ісі мен наиб имамдардың жауапкершілік қызметтері туралы айтып өтті.
Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Ашимов Қасым жыл басында берілген тапсырмалар бойынша аудан мешіттерінің атқарған жұмыстары туралы сараптамалық баяндама оқыды.
Соңынада Бас имам Әуезов және Алмалы аудандарының жақсы көтсеткіштеріне оң баға беріп, кемшіліктерге тиісті сын-ескертпелерін білдірді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі














