АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен сегіз аудан және қала мешіттерінің бас имамдары айт мерекесін өткізуге арналған жоспарды пысықтады.
Бүгін Астана қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен қасиетті Рамазан айында атқарылған іс-шаралардың қорытынды есебіне арналған арнайы жиын өткен болатын. Барлық өкілдік қатысқан алқалы жиында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы өкілдігінің рамазан айында атқарған іс-шараларына оң баға беріп, ризашылығын білдірген ыстық ықыласын Төлеби Дәділұлы қала имамдарына жеткізді.
Сонымен қатар қаланың бас имамы Төлеби Оспан мешіттердің ішкі және сыртқы тазалықтарын жіті қадағалауды тапсырды. Айт намазын жамағатпен оқу, мүмкіндігіне қарай айттық дастархан ұйымдастырып мерекелік көңіл-күй ұйымдастыру қажеттілігі айтылды. Сондай-ақ айт намазына келетін кішкентай бүлдіршіндер үшін де айтық тәттілер таратылуын қамтамасыз ету тапсырылды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі