ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫ 2024 ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРМЕН ТАНЫСТЫ
ҚМДБ Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2024 жылға арналған бағдарлық баяндамасы, мүфтият жоспары мен Алматы өкілдігінің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарымен ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Алматы қаласы бойынша ұстаздары танысты.
Жыл басының бас қосуында ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Алматы өкілдігі бойынша жауапты маманы Гүлмира Ілесбайқызы 2024 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы барша дін қызметкеріне арналған бағдарламалық баяндамасында 2024 жылды «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы деп жариялағанын жеткізді. Сонымен қатар бес бағыт бойынша, атап айтсақ Дін мен дәстүр, Ізгі қоғам, Ихсан және Насихат, Діни оқу-ағарту, Жат діни ағымдардан сақтандыру бағыттарына басымдық берілетінін атап өтті. Осы орайда атқарылатын іс-шараларбойынша жұмыстарды пысықтады.
Алматы өкілдігінің баспасөз қызметі