АЛМАТЫДА БАТА БЕРУ БАЙҚАУЫНА ІРІКТЕУ ӨТКІЗІЛЕДІ

Құрметті Алматы қаласының ардақты қариялары! Сіздерді «Ақсақалдар арасында ІІ Республикалық бата беру байқауына» іріктеу сайысына қатысуға шақырамыз!. Сайыстың мақсаты дін мен дәстүр аясында батагөй қариялардың қала халқына Алладан тыныштық, ынтымақ, береке-бірлік тілеу арқылы өскелең ұрпақ үшін қол жайып бата жасау дәстүрін жаңғырту болмақ.
Батаның адам санасына әсер ететін үлкен күші бар. Халық даналығы «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» деп бекер айтпаса керек. «Ақсақалдар арасында ІІ Республикалық бата беру байқауына» іріктеу сайысының отетін күні 4-наурыз 2025жыл. Ірітеу кезеңінен өтіп, жүлделі 1 орын алған батагөй ақсақал ІІ республикалық бата беру байқауына жолдама алады.
Сайысқа қатысу туралы төменде келтірілген байланыс номеріне хабарласу арқылы толық ақпарат алуға болады. 8 702 270 86 73
Ардақты алматылық ақсақалдарды ұлттық дәстүрімізді жаңғыртып, ұрпақты адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған бата беру сайысында бақ сынасуға шақырамыз!
Алматы өкілдігі бойынша баспасөз қызметі