Алматыда Желтоқсан оқиғасының құрбандарына Құран бағышталды (ФОТО)
Алматыда Желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алу рәсімі өтті. Шара барысында «Тәуелсіздік таңы» ескерткішіне гүл шоқтарын қойылды.
Бұл шараға Алматы қаласының әкімдігінің басшылығы, желтоқсандық ұйымдардың жетекшілері, зиялы қауым өкілдері, Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай және қала тұрғындары қатысты.
Ресми шара алдымен 1986 жылғы Желтоқсан құрбандарын еске алу үшін бір минуттық үнсіздікпен басталды.
Содан кейін ел ағалары, қала басшылығы және желтоқсан оқиғасына қатысушылар тәуелсіздік таңы монументіне гүл шоқтарын қойды.
Ізін ала тәуелсіздік жолында жанын берген жастардың рухына арнап Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай Құран бағыштап, дұға оқылды.
Кейіннен ата баба арманы, ұл мен қыздың қорғаны болған – Тәуелсіздік туралы қоғам белсенділері мен Желтоқсан оқиғасына қатысқандар өздерінің жылы лебіздері мен тәуелсіздік туралы толғамдарын жеткізді.