Алматы
Алматы Алтынсаринский район Амангельдийский район Арал Атбасар Атырау Аулиекольский район Аякөз Ақсай Ақтау Ақтөбе Байқоңыр Балқаш Бейнеу Денисовский район Джангельдинский район Екібастұз Жаркент Жаңатас Жаңақала Жаңаөзен Жезқазған Жетісай Житикаринский район Жәйрем Жәнібек Казыгурт Казыгуртский район Камыстинский район Карабалыкский район Карасуский район Келесский район Курык Көкшетау Лисаковск Мактааральский район Мақат Мендыкаринский район Миялы Наурзумский район Нур-Султан Орал Ордабасынский район Отрарский район Павлодар Петропавл Район Байдибека Район Туркибасы Риддер Рудный Сайрамский район Сайхин Сарыағаш Сарыкольский район Сарыөзек Семей Степногорск Сузакский район Сәтпаев Талдықорған Тараз Тарановский район Түркістан Узункольский район Форт-Шевченко Фёдоровский район Хромтау Чапаев Шалқар Шардара Шетпе Шиели Шымкент Қазалы Қандыағаш Қапшағай Қаратау Қарағанды Қостанай Қызылорда Құлсары Үшарал Өскемен
Таң 06:54
Алматы
Аксай Актау Актобе Алматы Алтынсаринский район Амангельдийский район Аральск Атбасар Атырау Аулиекольский район Аягоз Байконур Балхаш Бейнеу Денисовский район Джангельдинский район Жайрем Жанаозен Жанатас Жангала Жанибек Жаркент Жезказган Жетисай Житикаринский район Казалы Казыгурт Казыгуртский район Камыстинский район Кандыагаш Капшагай Карабалыкский район Караганда Карасуский район Каратау Келесский район Кокшетау Костанай Кульсары Курык Кызылорда Лисаковск Макат Мактааральский район Мендыкаринский район Миялы Наурзумский район Нур-Султан Ордабасынский район Отрарский район Павлодар Петропавловск Район Байдибека Район Туркибасы Риддер Рудный Сайрамский район Сайхин Сарыагаш Сарыкольский район Сарыозек Сатпаев Семей Степногорск Сузакский район Талдыкорган Тараз Тарановский район Туркестан Узункольский район Уральск Усть-Каменогорск Ушарал Фёдоровский район Форт-Шевченко Хромтау Чапаев Шалкар Шардара Шетпе Шиели Шымкент Экибастуз
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Екінті Ақшам Құптан
06:54 08:13 13:07 16:13 17:55 19:15
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
10 Джумада-сани 1442
Миләди
23 қаңтар 2021

Жаңалықтар

Алматыда «АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛЫ – МҰСТАФА» атты рухани онлайн мәуліт кеші өтті

Кеше Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және ҚМДБ-ның Алматы қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен, Алматы қаласында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туған айына арналған «АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛЫ – МҰСТАФА» атты рухани онлайн мәуліт кеші өтті.

 

Мәуліт кеші Пайғамбарымыз туралы арнайы әзірленген бейнебаянмен басталды.

 

 

Кейіннен Алматы қаласы «Төле би» мешітінің бас имамы Ерсін қари Әміренің Құран оқуымен, ақын, сазгер Жәкен Омаров екі жылдан бері эксклюзив деп танылған қазақша мәуліттің үшінші бөлімін жырлаумен жалғасты.

 

 

 

 

Жәкен Омаров 2018 жылы орындап бастаған қазақша мәуліт жырында Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келуі мен қырық жасқа (пайғамбарлыққа) дейінгі өмірін баяндаған еді. Былтырғы Мәуліт жыры алғашқы уахидың келуінен (пайғамбарлық миссияның басталуы) бастап Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Меккеде дінді жаюы, сахабалардың Ислам дініне кіруі, Миғраж сапары, соңында мүшріктерден қысым көргені және Мәдинаға қоныс аударуымен аяқталған-ды. Ал биылғы Мәуліт жырында Жәкен Омаров Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Мәдина қаласына келуінен бастап Бәдір шайқасына дейінгі кезеңді жырлап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

 

Алла бұйырса, келесі жылғы мәулітте Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Бәдір шайқасынан кейінгі өмір тарихы жырланатын болады. 

 

 

 

Алматыдағы Мәуліт кеші барысында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы онлайн құттықтау жолдады. Бас мүфти барша қазақстандықтар мен мұсылман жамағатты Мәуліт мерекесімен құттықтап, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірі мен дініміздің асыл құндылықтары жайлы айтты.

 

 

Онлайн Мәуліт кешінде Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры арнайы әзірлеген ғибратты қойылымын назарына ұсынылды. Қойылымда бізден бұрын өмір сүрген ізгілердің Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ақ жолын қалай ұстанғаны және дін деген ұлы аманатты келер ұрпаққа қалай жеткізгені туралы сауалдарға хикметпен жауап беріледі. Сондай-ақ "Өнер қырандары" әзіл-сықақ театры мен Сәкен Майғазиевтің Смарт мектебі Мәуліт кешіне арнап сахналық қойылым әзірледі.

 

 

 

 

 

Кеш басында әншілер Ерген Айтымбетов "Әл-Мұхтар", Райым Уайыс, Ерген Айтымбетов, Сержан Әли, Қанатбек Полатбек "Мұстафа" әндерін, Жасұлан Мұсағали" Мен қазақпын" термесін тебірене шырқады.

 

 

 

 

Одан бөлек онлайн Мәуліт кешінің атауымен жаңа кітап жарық көрді. ҚМДБ-ға қарасты "Имам Матуриди" ғылыми-зерттеу орталығының әзірлеген бұл еңбек – ғұлама Хафиз Мұғалтай ибн Қылыш Ханафидің "Адамзаттың асылы – Мұстафа" атты кітабының аудармасы. Кітапты өңдеп, ғылыми сілтемелер берген Мұхаммед Низамуддин Футаийх. MUFTYAT баспасынан шыққан еңбекте Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ғибратты ғұмыры мен тәлімгерлік тағылымы баяндалған. Кітап рухани кемелдікті іздеген барша оқырман қауымға арналған. Құнды еңбектің жалпы редакциясын басқарған – Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай, Нұр-Мүбәрак университетінің ұстазы, белгілі ғалым Бауыржан Әлиұлы және Алматы қаласы "Төле би" мешітінің бас имамы Ерсін Әміре. Еңбекті қазақ тіліне аударған – исламтанушы Ержан Досқалиұлы.

 

Кітап Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитеті тарапынан жүргізілген дінтану сараптамасының және ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі тарапынан жүргізілген сараптаманың оң қорытындысын алған.

 

 

 

Сондай-ақ Бауыржан Мырзақұлдың мәуліт кешіне арнайы жазған «Мұстафа» өлеңін Елдар Отарбаев оқыды.

 

 

Мәуліт кешін Дархан Сүлейменов жүргізді.

 

 

Мәуліт кеші Azan.kz сайтының Youtube каналы мен Azan.kz_1 instagramm әлеуеттік желі парақшасында тікелей эфирде көрсетілді:

 

 

• Жәкен Омаровтың 2018 жылы жырлаған қазақша мәуліттің бірінші бөлімі:

 

 

• Жәкен Омаровтың 2019 жылы жырлаған қазақша мәуліттің екінші бөлімі:

 

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

МӘУЛІТ-2020: Өнер жұлдыздары Пайғамбарға арналған жаңа әндер айтты (ФОТО)
Бүгін Алматы қаласында өтіп жатқан «АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛЫ – МҰСТАФА» атты рухани онлайн мәуліт кешінде еліміздің танымал өнер жұлдыздары Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) арналған жаңа әндер айтты....
Мәуліт кешінің атауымен «АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛЫ – МҰСТАФА» атты жаңа кітап жарық көрді (ФОТО)
Бүгін Алматы қаласында өтіп жатқан рухани онлайн мәуліт кешінің атауымен «АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛЫ – МҰСТАФА» атты жаңа кітап жарық көрді.
МӘУЛІТ-2020: «Өнер қырандары» өнер көрсетті (ФОТО)
Бүгін Алматы қаласында өтіп жатқан «АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛЫ – МҰСТАФА» атты рухани онлайн мәуліт кешінде «Өнер қырандары» әзіл-сықақ театры мен Сәкен Майғазиевтің Смарт мектебі арнайы әзірлеген ғибратты қойылымын ел назарына ұсынды.   ...
МӘУЛІТ-2020: Ғ.Мүсірепов атындағы театр қойылым қойды (ФОТО)
Бүгін Алматы қаласында өтіп жатқан «АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛЫ – МҰСТАФА» атты рухани онлайн мәуліт кешінде Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры арнайы әзірлеген ғибратты қойылымдарын ел назарына ұсынды. ...
МӘУЛІТ-2020: Бас мүфти Алматыдағы мәуліт кешіне құттықтауын онлайн жолдады (ФОТО, ВИДЕО)
Бүгін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазрет Алматы қаласы, Республика сарайында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туған айына орай өтіп жатқан «АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛЫ – МҰСТАФА» атты мерекелік онлайн мәуліт кешіне видео құттықтауын жолдады....
МӘУЛІТ-2020: Жәкен Омаров қазақша мәуліттің үшінші бөлімін жырлады (ФОТО)
Бүгін Алматы қаласында өтіп жатқан «АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛЫ – МҰСТАФА» атты рухани онлайн мәуліт кешінде ақын, сазгер Жәкен Омаров екі жылдан бері эксклюзив деп танылған қазақша мәуліттің үшінші бөлімін жырлады. ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
10 Джумада-сани 1442
Миләди
23 қаңтар 2021
Намаз уақыттары
қазір

Таң 06:54

Имсакқа дейін 00:35

Хукм выплаты закята с недвижимого имущества

Уалейкум ассалам!Спасибо за ваше мнение. Дело в том, что у каждого сотрудника Azan.kz есть поставлен

Администратор Azankz
17 қаң. 2021

В Алматы прошло обсуждение принятых на IV форуме имамов документов

А где эти книжки можно приобрести?

Ислам Косумов
29 жел. 2020

23. Аль-Хафид - Принижающий

Уалейкум ассалам! Да, иногда такая проблема бывает, но не с нашей стороны (youtube плеер не подгружа

Администратор Azankz
16 жел. 2020

Военные США покупают базу данных местоположения пользователей популярных исламских приложений

Уалейкум ассалам! Мы опубликовали встречное заявление Muslim Pro. Надеемся, что все решится хорошо.

Администратор Azankz
22 қар. 2020

Урок 5. Буквы "Лям", "Вав" и "Ха"

БаракаЛлаху фикум

Данияр Балтабай
5 қар. 2020
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi