АЛМАТЫДА БІР АПТАДА 81 207 АДАМҒА АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ (ФОТО)
ҚМДБ бекіткен Рамазан айына арналған жоспарға сай оразаның алғашқы күнінен бастап қала мешіттерінде ауызашар дастарханын ұйымдастыру жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.
Қасиетті айдың парызын өтеп, ауыз бекіткен мешіт жамағаты мен қала тұрғындары үшін Алматы мешіттері күнделікті ауызашар дастарханын жаюда. Оразаның алғашқы аптасында шаһар мешіттерінде жалпы саны 81 207 адамға ауызашар берілді. Мешіт имамдары жамағатқа рамазан айының сипаттары мен сауапты амалдар сауабы екі еселенетін ұлық ай жайында уағыз-насихат жүргізуде. Сондай-ақ мешіттердегі ауызашар дастарханы ай соңына дейін жалғаса бермек. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бұл айда кім бір жақсылық істесе, басқа уақыттарда бір парызды орындаған кісі де басқа айларда парызды орындаған кісідей сауап алады. Ал бір парызды орындаған адам басқа айларда жетпіс парызды орындаған кісідей сауап алады», – деген. Осы орайда Рамазан айына жеткізген Алла Тағалаға шүкірлер айтып және қайырымдылық жасауда белсенділік танытқан демеуші кәсіпкерлерге Алла мол сауаптан жазсын.
Алматы өкілдігінің баспасөз қызметі