РАМАЗАН СУРЕТТЕРІНЕН САЙЫС ӨТТІ
ҚМДБ бекіткен Рамазан айына арналған жоспарға сай «Бекет ата» мешітінің ұйымдастыруымен «Қош келдің, Рамазан» атты мектеп оқушыларына рухани кеш өтті.
ҚМДБ «Әйел-қыздар секторы» Алматы өкілдігі «Бекет ата» мешітінің ұстаздары рухани кеш барысында жасөспірім қыздарға қасиетті ай жайлы түсіндіріп, қатысушылар рамазанға қатысты суреттер салу мен әндер айтып өнерлерін ортаға салды. Қасиетті рамазанға дәмді тағамдар дайындап, ауызашар мен сәресі дастархан үлгісін көрсетті.
Кеш соңында қыздарға рамазан сыйлықтары үлестіріліп, ерекше көңіл-күй сыйланды.
Алматы өкілдігінің баспасөз қызметі