Алматыда «ӘЗ ПАЙҒАМБАР ХАҚ ЖОЛЫ» атты мерекелік мәуліт кеші өтті
Алматы
Алматы Астана Шымкент Аксай Аксу Актау Актобе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Аркалык Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягоз Аққулы ауданы Байконур Байғанин ауданы Балхаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жанаозен Жанатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезказган Жетысай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Караганда Каратау Каскелен Келес ауданы Кентау Кокшетау Конаев Костанай Косшы Кульсары Курчатов Кызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавловск Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыагаш Сарыкөл ауданы Сарыозек Сатпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талгар Талдыкорган Тараз Таран ауданы Текели Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Туркестан Түлкібас кенті Узынагаш Уральск Усть-Каменогорск Федоровский р-он Форт-Шевченко Хромтау Целиноградский р-он Чапаево Чемолган Чу Шал ақын ауданы Шалкар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Экибастуз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Иша 18:01

свернуть
Фаджр Восход Зухр Аср Магриб Иша
05:10 06:28 11:39 15:01 16:43 18:01
свернуть
Календарь
Хиджра
24 Джумада-авваль 1448
Григорианский
04 ноября 2026

Новости

Алматыда «ӘЗ ПАЙҒАМБАР ХАҚ ЖОЛЫ» атты мерекелік мәуліт кеші өтті

Кеше Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Алматы қаласы, Республика сарайында адамзаттың асылы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған айына арналған «ӘЗ ПАЙҒАМБАР ХАҚ ЖОЛЫ» атты мерекелік мәуліт кеші өтті.

Мәуліт кеші қараңғылықта қалған адамазатты жарыққа шығару үшін Алла Тағала тарапынан Жебірейіл (ғ.с.) періштенің Мұхаммед Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) алғашқы уахиды әкелуі туралы арнайы әзірленген бейнебаянмен басталды. Кейіннен Алматы Орталық мешітінің азаншысы, қари Серік Полатханұлының «Алақ» сүресінің алғашқы бес аятын оқумен, ақын, сазгер Жәкен Омаровтың қазақша мәуліт жырын айтумен және Қанатбек Полатбек, Сержанәлі Әлібек, Ерген Айтымбетов, Райым Уайыстың әсем әнімен жалғасты.

Мәуліт кешін ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазрет салтанатты түрде сөз сөйлеп ашып берді.

Бас мүфти өз сөзінде Пайғамбарымыздың Мәуліт айымен Алматы жұртшылығын құттықтап, Алла елшісінің дүниеге келіп, ғаламды нұрға бөлеуі – артына ерген үмбеті үшін үлкен қуаныш екенін айтты. Пайғамбарымыздың ғибратты ғұмырынан сыр шертіп, мұсылмандарды Оның көркем мінезінен үлгі алуға шақырды. Сондай-ақ, мәуліт мерекесін тойлаудың артықшылығы мен Пайғамбарды сүюдің, оның хақ жолымен жүрудің маңызына тоқталды.    

Ал «Ақ орда» республикалық қозғалысының төраға орынбасары Қанат Мұсағұлов осы қозғалыстың төрағасы Қайрат Сатыбалдыұлының құттықтау сөзін жеткізді.

Көрермен көзайымына айналып үлгерген, әдемі әзілдерімен ақиқатты астарлап айтып жүрген «Өнер қырандары» әзіл-сықақ театры «Сахабалардың Пайғамбарға деген махаббаты», «Пайғамбар мекеніне сағыныш» атты тәрбиелік мәні зор қойылымдарын ел назарына ұсынды.    

Мақсат Сабитов «Кешір, иә, Расулалла» атты әсерлі монологын орындаса, кеш соңы Ерген Айтымбетов «Пайғамбарға салауат» әнімен аяқталды.

Естеріңізге сала кетсек, ақын Жәкен Омаров өткен жылы орындаған мәуліт жырында Пайғамбарымыздың дүниеге келуі мен қырық жасқа дейінгі өмірін баяндаған еді. Ал биылғы мәуліт жыры алғашқы уахидың келуінен бастап Пайғамбарымыздың Меккедегі дінді жаюы, сахабалардың ислам дініне кіруі, Миғраж сапары, соңында мүшріктерден жапа шеккен Алла елшісінің Мадинаға қоныс аударуымен аяқталды. Алла бұйырса, келесі жылғы мәулітте Пайғамбарымыздың Мадина қаласында өткен өмірі жырланатын болады.

Алматыда аталып өткен биылғы мәуліт мерекесі 3 бірдей жаңалығымен ерекшеленді.  

Бірінші – өткен жылғы Мәуліт мерекесінде кеш атауымен бірдей «Тәлімгер Пайғамбар тағылымы» атты кітап жарық көріп, елге таратылған болатын. Сол сияқты биыл да Мәуліт кешімен аттас Пайғамбарымыздың хақ жолын үйрететін «Әз Пайғамбар хақ жолы» атты жаңа кітап шығарылып, кеш қонақтарына үлестірілді. Бұл үрдіс алдағы мәуліттерде өз жалғасын табады деген үміттеміз.  

Екінші – Мәуліт кешінің 2-сенасында көрермендер арасында ұмра қажылығы ойнатылды. Көрермендердің арасын екі адам, демеушілердің көмегімен, «Хикмет-Тревл» қажылық компаниясы арқылы ұмра қажылығына баратын болды.

Үшінші – Республика сарайының фаесінде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірінде пайдаланған заттарының фото-галереясы, Пайғамбарымыздың ата-тек шежіресі, Қасиетті қағбаның, «Исраһим мақамының», Сафа мен Маруаның макеттері және «I LOVE MUHAMMAD (Мен Пайғамбарымды жақсы көремін)» көрнекілігі қойылды. Сонымен қатар, қонақтар Пайғамбарымыздың каллиграфиялық (көркем жазу) шеберлікпен жазылған есімдерінің көрмесін тамашалады.

Шарапатты мәуліт мерекесіне келген Алматы жұртшылығы ерекше әсерге бөленіп, өздерінің толқыныстарын жасыра алмай, көз жастарына ерік берді. Әрі қызу қошемет білдірген көрерменнің ықыласы шексіз болды.

Баршамызға Алланың рахымы мен Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) шапағаты нәсіп болсын!

Azan.kz

Отзывы читателей (0)

Интересные материалы

«ӘЗ ПАЙҒАМБАР ХАҚ ЖОЛЫ» атты мерекелік Мәуліт кешінен тікелей көрсетілім (LIVE)
2019 жылдың 17 қараша күні сағат 10:00 және 14:00-де ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен Алматы қаласы, Республика сарайында адамзаттың асылы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) туған айына арналған «ӘЗ ПАЙҒАМБАР ХАҚ ЖОЛЫ» атты мерекелік мәуліт кеші өтеді.  ...
Алматы: «Байкен» мешітінде мәуліт мерекесі аталып өтті
Алматы қаласындағы «Байкен» мешітінде – мәуліт мерекесі аталып өтілді. Қазіргі жыл санаумен 571 жылы сәуірдің 20-сында рабиғәл-әууәл айының 12-інші жұлдызында Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа Меккеде дүниеге келген. Ислам әлемінде және еліміз Қазақстанда аталмыш уақытқа мән беріліп, Пайғамбарымыздың ө...
Алматыда мәулітке арналған мерекелік кеш өтеді
Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өтетін «ӘЗ ПАЙҒАМБАР ХАҚ ЖОЛЫ» атты адамзаттың асылы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) мәулітіне (туған айына) арналған мерекелік кешіне шақырамыз....
Алматы: Бас имам қалалық брифингке қатысып, тілшілерге сұхбат берді
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет орталығының ұйымдастыруымен кезекті брифинг болып өтті. 
Бас мүфти Алматы жамағатымен жүздесті (ФОТО)
Бүгін ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазрет Алматы қалалық Орталық мешіті жамағатымен жүздесіп, жұма уағызын айтты.
Алматы: Жетісу ауданында «Рухани жеті қазық» атты семинар өтті  
Алматы қаласы Жетісу ауданы әл-Мадина мешітінде аудан имамдарының қатысуымен «Рухани жеті қазық» атты семинар болып өтті.
свернуть
Календарь
Хиджра
24 Джумада-авваль 1448
Григорианский
04 ноября 2026
Время намаза
Сейчас

Иша 18:01

Время до Фаджр 04:57

Является ли игра на домбре харамом?

Я полностью разделяю ваше прагматичное стремление легализовать домбру в контексте современной казахс

Крафтер Кудабай
2 шіл. 2026

27 мая в 6:00 в 56 мечетях Алматы состоится праздничный айт-намаз

Уалейкум ассалам! В этом году такого не было.

Администратор Azankz
27 мам. 2026

Урок 6: Обстоятельства, нарушающие омовение

Синяя кнопка в правом нижнем углу "Вопрос устазу".

Администратор Azankz
16 сәу. 2026

Время таравих намаза

Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатух, жамағатКак вы знаете, садака джария - милостыня с на

X
22 ақп. 2026

Первый таравих намаз - 18 февраля

Уалейкум ассалам. Да, в Казахстане вопросами наблюдения за луной в контексте определения начала лунн

Администратор Azankz
19 ақп. 2026
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi