Алматы: Жат ағымның алдын алуға арналған семинар өтті (ФОТО)
Алматы қаласындағы «Абдулла» мешітінде Түрксіб аудандық «Әйел-қыздар» секторының жауапты маманы, ұстаз Г.Сүлейменованың ұйымдастыруымен "Деструктивті ағымдармен жұмыс жасау тәсілдері" тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Семинарда алғаш сөз алған Түркісб ауданының бас имамы Саттарқұл Мейрман ҚМДБ-ның 2021 жылға арналған 7 бағытының бірі – жат ағымдармен жүйелі жұмыс атқару екенін айтып, аталмыш семинардың маңыздылыған тоқталды. Сондай-ақ, қатысушыларға ризашылығын білдіріп, сәттілік тіледі.
Өз кезегінде осы жиынға арнайы шақырылған Алматы қаласы дін істері комитетінің Кеңес беру, оңалту орталығының жетекші мамандары Б. Ахметов пен Н. Жетпісбаева сөз сөйлеп, тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар барысында «Әйел-қыздар» секторының ұстаздары толғандырған сұрқатырын қойып, тұшымды жауаптар алды. Сонымен қатар, маңызды ақпараттар мен ұсыныс-пікірлер айтылды.