Алматы: «Вайнах» мешіті 100 отбасыға әлеуметтік көмек көрсетті (ФОТО)
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасына орай, «Жақсылықта жарысыңдар» қайырымдылық шарасы аясында Алматы қаласы Жетісу ауданына қарасты «Вайнах» мешіті қаладағы мұқтаж 100 отбасыға әлеуметтік көмек (азық-түлік) көрсетті.
Қайырымдылық себеттері мұқтаж жандардың үйлеріне имамдар мен еріктілердің көмегімен арнайы көліктерде жеткізіп берілді.
Әлеуметтік көмек алған қала тұрғындары мешіт қызметкерлері мен қайырымдылық шарасына атсалысқан жомарт жандарға алғыс білдірді.
«Вайнах» мешітінің баспасөз қызметі