ҚМДБ-30: Алматы қаласы мешіттері 796 түп ағаш көшетін отырғызды (ФОТО)
Бүгін, ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасына орай, «30 жылдық мерейтойға – 30 мың түп ағаш отырғызу» акциясы аясында Алматы қаласы мешіттері 796 түп ағаш көшетін отырғызды.
Бұл акцияға Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай, Алматы қаласы Дін істері басқарасының басшысы Нұрлан Кикимов, аудан имамдары, түрлі мекемелер мен мешіт қызметкерлі және тұрғындар мен еріктілер қатысты.
Акция барысында қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай мен Алматы қаласы Дін істері басқарасының басшысы Нұрлан Кикимов «Алматы облыстық №1 балалар үйіне» арнайы ат басын бұрып, жеткіншектердің көңілін аулады. Аталмыш мекеменің ауласына ағаш көшеттерін отырғызып, естелікке суретке түсті. Мекеме басшысына кітап сыйға тартып, балаларға базарлық үлестірді.
Сондай-ақ мешіт имамдары да түрлі мекемелер мен қала мешіттерінің ауласына ағаш көшеттерін отырғызып, қоршаған ортаның гүлденуіне үлес қосты.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі