Алматы қаласы мешіттерінің жылдық жұмысы қорытындыланды (ФОТО)
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:49
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:57 07:20 11:56 14:44 16:26 17:49
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
24 Джумада-сани 1446
Миләди
26 желтоқсан 2024

Жаңалықтар

Алматы қаласы мешіттерінің жылдық жұмысы қорытындыланды (ФОТО)

Кеше Алматы Орталық мешітінде қала мешіттерінің жылдық есеп беру жиыны өтті. Оған Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай, Алматы Орталық мешітінің қызметкерлері және аудан имамдары қатысты.

 

Жиынды қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай сөз сөйлеп жүргізіп отырды.

 

Бас имам өз сөзінде, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурзыбай қажы Тағанұлы хазреттің қолдауымен, қала бойынша жыл басынан бері атқарылған шаралар мен игі бастамаларға тоқталды.

 

 

Одан кейін Түрксіб ауданының бас имамы Саттарқұл Мейрман мен Бостандық ауданының бас имамы Жұмабаев Даниярға кезекпен сөз берілді. Олар өз аудандарына қарасты мешіттердің жыл бойы атқарған шаралары, жасаған қайырымдылық жұмыстары, оқу-ағарту бағыттары бойынша слайд арқылы есептік баяндамаларын оқыды.

 

 

 

 

Жиын барысында Алматы Орталық мешітінің бірінші наиб имамы Ержан Есім жылдық жоспар мен жіберілген хаттамалар бойынша берілген тапсырмаларды қала мешіттерінің қалай атқарғаны туралы сараптамалық баяндама жасады.

 


Қорытынды сөздің тізгінін қолына алған қаланың бас имамы жыл бойы атқарылған шараларға оң бағасын беріп, тиісті сын-ескертпелерін де айтты.

 

 

Жиын соңында Бас имам қала көлемінде асыл дініміздің дамуына үлкен үлес қосып, дін жолында үлгілі қызмет етіп жүрген бірқатар мешіт қызметкерлеріне Алғыс хаттар табыстады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Төменде 2020 жылы Алматы қаласы бойынша түрлі бағыттарда атқарылған жұмыстардың қысқаша есебін ұсынамыз.

 

Біріншіден, бақылау басқару жұмыстары бойынша,

Қала мешіттерінің барлығы да имамдармен қамтамасыз етілген.

Осы жылы қала әкімдігінің және жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен Алматы Орталық мешіті мен қаламыздың 28 мешітінің ауласы толық күрделі жөндеуден өтті.

Биыл «Жас қанат» шағын ауданындағы «Абдулла» жаңа мешіті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің қатысуымен ашылды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай «30 Игі шара» жұмыс жоспары бойынша төмендегі шаралар атқарылды:

•    Ұлттық кітапханада ҚМДБ тарихын және жұмысын насихаттайтын көрме өткізілді.

•  «Қайырымды қала» жобасы аясында 30 балаға 30 сыйлық үлестірілді.

•  «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша, көпбалалы отбасыларға 10 баспананың кілті табысталды.

•  «Нұр-Мүбарак» ЕИМУ 3 шәкіртінің оқу ақысы төленді.

•  «Нұр-Мүбарак» ЕИМУ ұстаздарына 3,2 млн. тг. көлемінде сыйақы берілді.

•  «Үмбетәлі» елді-мекенінде көлік пен жүргіншілер өтетін көпір пайдалануға берілді

•  «Ащыбұлақ» елді-мекенінде 2 құдық және «Боралдай» елді-мекенінде 1 құдық қолданысқа берілді.

•  Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай, «Алланың Өзі де рас, Сөзі де рас» атты ұлы ақынның шығармаларын діни-танымдық тұрғыда талдап, эссе жазу бойынша шығармашылық байқау өтті.  

 

 

Екіншіден, Шариғат және пәтуа жұмыстары бойынша,

Алматы орталық мешіті жанынан Алматы пәтуа call-центрі құрылды. Алматы қаласы бойынша пәтуа істері бойынша әлеуметтік желіде арнайы парақшасы ашылды. Call-центрға жауапты мамандар бекітіліп, аптасына 7 күн кезекшілік ұйымдастырып, бекітілген мамандар түрлі тақырыптарда барлығы 11 520 сұраққа жауап берді.

 

 

Үшіншіден, уағыз-насихат жұмыстары және Жастар ісі бойынша,

Қалада биылғы жылы 8449 шара өткізіліп, 680667 адамды қамтыды.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің қолдауымен осы жылдың қазан айында Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ІХ республикалық жарысының іріктеу сайысы 4 номинация бойынша ұйымдастырылды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Алматы қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен 22 қарашада Республика сарайында «Адамзаттың асылы – Мұстафа» атты онлайн мәуліт кеші өткізілді. Ханафи мазхабының үлкен ғалымы Мұғалтай ибн Қылыш Ханафидің «Адамзаттың асылы – Мұстафа» атты кітабы жарық көрді.

 

 

 

Төртіншіден, жат ағыммен күрес жұмысы бойынша,

Бұл бағыттағы жұмыс Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасымен, қаладағы Түзету және басқа да құзіретті мекемелермен бірлесе отырып түсіндіру жұмыстары жүргізілде. Аталған жұмыстың нәтижесінде 86 тұлға жат ағым ерушісі райынан қайтты. 135 адам қоғамдық құндылықтарға бейімделді.

«Жусан» операцисымен елге оралған балаларға «Мектепке жол» акциясы аясында 10 планшет, 10 сөмке берілді.

«Жусан» операцисымен елге оралған 6 әйел  мешіт жанындағы тігін курсында оқып, кәсіпке тәрбиеленуде.

 

 

Бесіншіден, сауат ашу курстары мен оқу-ағарту бойынша,

Биыл мешіттерімізде онлайн оқу жүйесін қоса алғанда 4623 адам діни сауатын ашты. Оның ішінде 2010 ер, 2613 әйел-қыздарды құрайды.

Бұлардың арасынан 70 талапкер ҚМДБ-ға қарасты оқу орындарына жолданды.

Орталық мешітте қыз-келіншектерге арналған тігін курсы жұмыс жасауда. Тігін курсын 34 қыз (оның ішінде «Жусан» операциясы бойынша елге оралған 6 әйел қатысты) бітіріп, сертификат алды.

Жыл басынан бері мешіт қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағытында 10 семинар өткізілді.

 

 

 

Алтыншыдан, қайырымдылық бағыты бойынша,

Биыл жыл басынан бұл бағытта 1147 іс-шара өткізіліп, 16 268 әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен тұлғаларға 155 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Әлеуметтік аз қамтылған 3317 мұқтаж отбасыға киім және азық-түлік себеттері таратылды.

«Рамазан ауызашар» акциясы аясында Рамазан айында 4840 адамға ауызашар пакеттері  таратылды.

«QURBAN-2020» онлайн қайырымдылық акциясы аясында Алматы қаласы өкілдігі бойынша 1108 уақ мал (қой, тоқты, ешкі), 50 ірі қара (сиыр) құрбандыққа шалынып, 5545 отбасыға және 14 мекемеге құрбандық еті үлестірілді. Бұл шараға 200-ден астам ерікті атсалысты.

Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында  500 балаға мектеп оқу құралдары, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына 20 планшет, 18 телефон таратылды.

Бас мүфти хазіреттің тапсырмасына орай, «Мақтаралға көмек» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, қайырымдылық керуені су апатынан зардап шеккен 500 отбасыға 20 тонна азық-түлік және киім жөнелтілді.

«Өмірге үміт сыйла!» қайырымдылық акциясы аясында 4 млн теңгеден астам қаржы жиналып, Түркия елінен 17 оттегі аппараттары алынды. Аппараттар қалалық денсаулық сақтау ұйымдарына табысталды.

«Жүректерге жылу сыйлаймыз» акциясы аясында 1100 бала жылы киіммен қамтылды.

55 мұқтаж отбасыға 2 млн теңге қаржылай зекет берілді.

 

 

Жетіншіден, баспа өнімдерін шығару бойынша,

ҚМДБ-ның "Имам Мәтуриди" ғылыми-зерттеу орталығы әзірлеген «Адамзаттың асылы – Мұстафа», «Қасиетті Құран оқудың сауабы мен әдебі» кітаптары ҚМДБ-ның «Мүфтият» баспасынан 8 000 тираж таралыммен жарық көрді.

Бұл жарық көрген кітаптар ІХ республикалық Құран жарысы, Мәуліт кеші сынды түрлі шараларда оқырманға таратылуда.

Рамазан айында ораза кестесі 10 000 тираж таралыммен шығарылды.

 

 

 

Сегізіншіден халал өнімдерін стандарттау бойынша,

ҚМДБ-ның Халал сертификатын алған кәсіпорындар саны Алматы қаласы бойынша – 93 мекемеге жетті.

 

Тоғызыншыдан, БАҚ-тағы жұмыстар бойынша,

Алматы қаласы имамдарының40-тан астам ғылыми-танымдық мақалалары жарияланды.

Қалада Орталық мешіттің www.azan.kz, «Аль-Азим» мешітінің www.al-azim.kz сайттары және «Орбита-3» мешітінің mihrab.kz және «Әбу Бәкір» мешітінің 100 kitap youtube каналдары қызмет етуде.

Соның ішінде жыл басынан бері азан.кз сайтына әлем бойынша 4 млн. астам (4 284 000) кісі кіріп, пайдаланған. 13 000 мыңнан астам сұраққа жауап берілді. 1261 аудио-видео материалдар жарияланды. Zero.kz рейтингтік жүйесінде Қазақстандық көшбастаушы 3000 сайттың арасында azan.kz сайты орта есеппен үздік 20-ның қатарында өзін көрсетуде.           

Сонымен қатар осы бағытта барлық мешіттер facebook, инстаграмм секілді әлеуметтік желіде өз парақшаларын ашып жұмыс жүргізуде.

 

 

 

ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР

 

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың ү.ж. 20 тамыздағы Жарлығы бойынша, Алматы қаласы Алмалы аудандық «Төле би» мешітінің бас имамы Ерсін Әміре және Наурызбай аудандық «Әбу Бәкір» мешітінің бас имамы Әсет Аташов «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Нұр-Мүбарак мешітінің бас имамы Қайрат Жолдыбайұлы «Құрмет» орденімен марапатталды. Бұдан бөлек Алматы қаласының сегіз имамы ҚМДБ-ның 30 жылдық мерекелік медалімен марапатталды.

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

«Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры 100 қариға білім грантын табыстады (ФОТО)
Алматы орталық мешітінде, «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының жастарды қолдауға бағытталған игі шарасы аясында, еліміздің түрлі аймақтарынан келіп білім алып жатқан 100 қариға білім гранты табысталды. Олардың қатарында медресе-колледждерде, Құран кәрім сауат ашу курстарында, сондай-ақ қариларды дайынд...
Бас имам Тәуелсіздік туралы онлайн конференцияға қатысты (ФОТО)
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұйымдастыруымен "Желтоқсан тәуелсіздіктің – Ұлы рухы" атты онлайн конференция өтті.
Алматыда Желтоқсан оқиғасының құрбандарына Құран бағышталды (ФОТО)
Алматыда Желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алу рәсімі өтті. Шара барысында «Тәуелсіздік таңы» ескерткішіне гүл шоқтарын қойылды.
Бас мүфти барша дін қызметкерін тәуелсіздік мерекесімен құттықтады (ФОТО)
Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Тәуелсіздік күні мерекесіне орай онлайн режимде жиналыс өткізді. Жиналысқа ҚМДБ Орталық аппарат қызметкерлері мен облыс имамдары қатысты....
Алматы Орталық мешітінің ауласында жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесі (ФОТО)
Естеріңізге сала кетсек, осыдан бір жыл алдын Алматы қаласы әкімдігі мен Алла үйіне жанашыр кәсіпкер азаматтардың қолдауымен Алматы Орталық мешітінің ауласында күрделі жөндеу жұмыстары басталған болатын....
Жетісай ауданының бас имамы – Алматы орталық мешітіне наиб имам болып тағайындалды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бұйрығымен Сыздықов Бекзат Оқапұлы, Түркістан облысы Жетісай ауданының бас имамы қызметінен босатылып, Алматы қалалық орталық мешітінің наиб имамы болып тағайындалды....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
24 Джумада-сани 1446
Миләди
26 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:49

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi