Алматы имамдары Құран хатым дұғасын жасады (ФОТО)
Бүгін, төрткүл дүниені үрейге салған COVID-2019 жұқпалы індетіне қатысты ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің жасаған үндеуіне үн қосу мақсатында, Алматы қаласының Бас имамы Еркінбек Шоқай және қала имамдары Құран хатым оқып, еліміздің амандығы мен тыныштығы үшін дұға тіледі.
Бәрімізге белгілі, бірнеше айдан бері жаман аурудың алдын алуға адамзат баласы түрлі шаралар байқап көруде. Мәселен, дүние ғылымдары аурудың емін анықтап, сол арқылы науқастарды емдеуге, індеттің бетін қайтаруға барын салса, билік өкілдері тұрғындардың амандығын ойлап елдімекендерге карантин жариялауда. Ал дін өкілдері болса, ауруды жаратқан, себептердің себепкері болған Алла Тағалаға жалбарынып, үздіксіз Құран хатымдар мен түнгі намаздарын оқып, әлем халқы мен ел-жұртымыз үшін тынбай дұға етуде.
Әрбір істің сыры мен хикметі болғандай, елімізге келген уақытша сынақтан Алла Тағала баршамызды аман-есен өткізіп, қуанышты күндерге төрт көзіміз түгел жете беруге жазсын.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
ӘлхамдуЛИЛЛАҺ, ӘлхамдуЛИЛЛАҺ, ӘлхамдуЛИЛЛАҺи роббиль ғаләмин! Уа ссоләту уа ссаләму ғалә әшрәфиль мурсалин, сайидинә Мухаммәд, уә ғалә әлиһи уә асхабиһи әджмәғин!Ассәләму ғаләйкум уа рохматуЛЛАҺИ уа бәрокәтуһу! Аллаһ тағала баршаңыздан разы болсын! Екі дүниенің де бақытын берсін! Аллаһ тағала білімдеріңізді арттырсын! Отбасы, бала-шағаларыңызға берекет, қуаныш, шаттық тілеймін! Ұлы ЖАРАТУШЫМЫЗ Хатым дұғасын қабыл етсін! Жамағат болып қауышуымызға тезірек нәсіп етсін! Шипаға мұқтаж болғандарға тезірек шипа, дерттеріне пайдалы дауа, адасуда жүргендерімізге Алла тағала һидаят берсін! Елімізге, жерімізге тыныштық пен берекет берсін! Уа соллаллаху ғалә хойри холқиһи Мухаммәд, уа ғалә әлиһи, уа асхабихи әджмәғин! Әумин, Аллаһу әкбәр!
Әмин