АЛМАТЫ: БАЛАЛАРҒА 2500 АЙТТЫҚ СЫЙЫ ТАРАТЫЛДЫ

Бүгін Рамазан айының аяқталуымен келетін Ораза айт мерекесі қарсаңында Алматы мешіттерінде балаларға айттық сый таратылды.
2-мамыр күні алматылық жамағаттар қала мешіттерінде ораза айт намазын оқыды. Айттық көтеріңкі мерекелік көңіл-күй балаларды қуантқан іс-шараға жалғасты. Айт намазынан соң белгілі кәсіпкер Сырымбек Тау мен sajda.store компаниясының демеушілігімен қала мешіттерінде балаларға 2500 айттық сыйлықтар үлестірілді. Айта кету керек бұл ауқымды қайырымдылық іс-шара қала бойынша 31 мешітте жалғасын тапты. 2500 айттық сыйы мешіттерде айт намазына ата-анасымен келген балаларға үлестірілді. "Мақсатымыз балаларға ораза айт мерекесін сезіндіріп, қуанышқа бөлеу", - дейді ұйымдастырушылар. Тәттілер мен зәм-зәм суы салынған айттық сыйға балалар дән риза көңілмен тарасты. Жақсылық жасап жарысқан азаматтарға Алла сауаптан жазсын!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі