АУЫЗАШАР ДАСТАРХАНДАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ
ҚМДБ бекіткен Рамазан айына арналған жоспарға сай Алматы қаласы бойынша мешіттерде өткізіліп жатқан ауызашар дастарханын өкілдікке қарасты «Халал даму» мамандары мен технологтар арнайы тексеріс жасап шықты.
Ауыз бекітіп, ораза ұстаған мешіт жамағаты мен қала тұрғындары үшін жайылған ауызашар дастархандары Халал даму стандарттарына сай және рұқсат етілген тамақ өнімдерімен қамтамасыз етілгені расталды. Сонымен қатар өкілдіктің Халал даму бойынша жауапты маманы Ерлан Құлмырзаұлы тәтті тағамдарға байланысты шағын ескеру жасалғанын атап өтті. Ауызашар дастарханында тұтынуға рұқсат етілген, халал сертификаты бар өнімдерді қолдануға кеңес берді. Сегіз ауданға қарасты Халал дамуға жауапты мамандар ұдайы ауызашар дастарханын қадағалап отыру тапсырылды. Күн бойы ораза ұстап, ауызашар сәтіне асыққан жамағаттың алдымен адал ас жеуі аңызды екенін атап өтті мамандар.
Алматы өкілдігінің баспасөз қызметі