АРДАГЕР ИМАМДАРҒА ШИПАЖАЙҒА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жыл басында бағдарлық баяндамасында 2025 жылды «Ислам және отбасы құндылығы» жылы деп жариялаған болатын. Алматы өкілдігі аталмыш жыл аясында бірқатар ауқымды іс-шараларды жүзеге асырды. Осыған орай, мүфтият бекіткен 4 бағыт негізіндегі жоспарға сай Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы өкілдікке қарасты 8 аудан имамдарының жылдық есебін тыңдап, 2025 жылы атқарылған жұмыс барысын қорытындылады.
Шаһардың бас имамы Төлеби Оспан ҚМДБ 35 жылдық мерейтойы аясында қала имамдарына алғыс хат пен ардагер имамдарға шипажайға жолдама табыстады. Атап айтсақ,
- Шейх Мухаммед-Хусейн Усманұлы – Бас мүфтидің бас кеңесшісі, «Вайнах» мешітінің бас имамы.
- Аманқұлов Асылхан қажы Өмірзақұлы – «Әл-Хамид» мешітінің бас имамы.
- Мейрман Саттарқұл қажы Сәтиұлы – «Мәдениет» мешітінің бас имамы.
- Ораз Серікбай қажы Сатыбалдыұлы – Республикалық имамдардың білімін жетілдіру «Ислам» институтының директоры, «Қарасай батыр» мешітінің бас имамы.
- Қоспағар Ербол қажы Сағиұлы – «Бәйкен» мешітінің найб имамы.
- Сыздықов Бекзат Оқапұлы – Алматы орталық мешітінің найб имамы
Алматы өкілдігі бойынша баспасөз қызметі









