АЛМАТЫ ӨКІЛДІГІ 2025 ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жыл басында бағдарлық баяндамасында 2025 жылды «Ислам және отбасы құндылығы» жылы деп жариялаған болатын. Алматы өкілдігі аталмыш жыл аясында бірқатар ауқымды іс-шараларды жүзеге асырды. Осыған орай, мүфтият бекіткен 4 бағыт негізіндегі жоспарға сай Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы өкілдікке қарасты 8 аудан имамдарының жылдық есебін тыңдап, 2025 жылы атқарылған жұмыс барысын қорытындылады.
Жылдық есеп жиыны қасиетті Құран аяттарын оқумен басталды. Әр аудан имамдары мешіттердің жыл бойы атқарған жұмысын жинақтап, орындалу деңгейін слайд арқылы көрсетті. Әр аудан имамы жыл басында жоспарланған жұмыстардың орындалу барысын баяндап, 4 бағыт аясында атқарылған ауқымды іс-шараларының есебін берді.
Сондай-ақ, Алматы Орталық мешітіндегі бағыттарға жауапты найб имамдар 8 ауданның жылдық жоспарды орындау деңгейіне қарай аудандық мешіттердің көрсеткіштерімен таныстырды. Кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар айтылды. Қорытынды жиналыста «ҚМДБ өкілдерінің жария мәлімдемелері мен жарияланымдары бойынша ұсынымдар» құжаты мен «ҚМДБ қабылдаған концептуалды» құжаттары таныстырылды.
Шаһардың бас имамы Төлеби Оспан ҚМДБ 35 жылдық мерейтойы аясында қала имамдарына алғыс хат пен ардагер имамдарға шипажайға жолдама табыстады. Дін қызметкерлерін ынталандыру мақсатында «Үздік аудан-2025» номинациясымен бағыт бойынша белсенділік танытқан аудандарды марапаттады.
Атап айтсақ,
- «Ихсан және насихат» бағыты бойынша үздік аудан – Бостандық ауданы
- «Діни оқу-ағарту» бағыты бойынша үздік аудан – Жетісу ауданы
- «Діни оқу-ағарту» бағыты бойынша үздік аудан – Алмалы ауданы
- «Дін мен Дәстүр» бағыты бойынша үздік аудан – Түркісб ауданы
- «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бағыты бойынша үздік аудан – Алатау ауданы
- «Қайырымдылық» шарасы бойынша үздік аудан – Наурызбай ауданы
- «Уақып» қоры бойынша үздік аудан – Әуезов ауданы
- «Құран» секторы бойынша үздік аудан – Медеу ауданы
Сонымен қатар мүфтият бекіткен 4 бағыт негізінде белсенділік танытқан мешіт имамдарына да қолдау көрсетілді.
Алматы өкілдігі бойынша баспасөз қызметі





























