«ҚҰРАН - ҚИЯМЕТ КҮНІНЕ ДЕЙІН БІР ӘРІПІ ДЕ ӨЗГЕРМЕЙТІН ИЛӘҺИ МҰҒЖИЗА»
«Құран - «ең көп оқылатын кітап» деген мағынаны білдіреді. Құран Алла Тағаланың «Мүтаккәллим», яғни «сөйлеуші» сипатының көрінісі. Алла Тағала сөзінің бастауы және соңы жоқ, яғни қадим және әзәли. Қиямет күніне дейін үкімі өзгермейтін иләһи кітап. Бұл сіз бен біздің көзіміз көріп,құлағымыз естіген мұғжиза. Алла Тағаламен тілдескісі келген әрбір пенде осы кітапты оқуға асығу керек…» Жұма уағызы ІІ кітап. Астана 2015 жыл.