Құран Кәрімде: «(Уа, мүміндер) Араларыңда (ел-жұртты) ізгілікке шақырып, жақсылықты бұйыратын һәм жамандықтан тыятын бір қауым болсын. Міне, солар (екі дүниеде де) азаптан құтылып, мақсат-мұратына жеткендер[3]», - деген аят бар.
Аталмыш аятта ізгі қоғамның қалыптасуына қажетті басты себеп айтылуда. Бұл қоғамға бағыт-бағдар беретін, сөзімен және ісімен ізгілікте үлгі болатын жақсылар қалыптасуы керектігін ескертуде.
Хадисші ғұлама «Алла алдындағы пенделік парыздарын толық орындаушы және адамдарға қатысты азаматтың міндетін толықтай атқарушы» дейді. Демек, ізгі адам – иманнан бастап барлық асыл қасиеттерді шама-шарқынша тұла бойына қалыптастыруға тырысқан, әрі сол құндылықтарға сай өмір сүруге ұмтылған жан.
Мақаланың толық нұсқасы осында ІЗГІ ҚОҒАМ