ОРАЗА АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Рамазан құлшылық пен шүкіршілік, береке мен бірлік, мейірім мен қайырымдылық айы болса, ізінше тойланатын Ораза айт мейрамы – адамдардың көңіліне қуаныш сыйлап, жанын жадырататын ұлық мереке.
Әсілі, Ораза айт қасиетті Рамазан айы аяқталғанының белгісі ғана емес, ол – бір айлық құлшылығымыздың қуанышы мен жемісі. Имам әл-Бағауи: «Екі айт (мереке) күндерінде қуаныш пен шаттық көңіл таныту дін рәміздерінен! Әрі бұл күндер басқа күндерден жөні бөлек!», - деген екен.
«Айт» араптың «ъид» деген сөзiнен тілімізге икемделіп енген. Айт – «мерекелеу», «хал сұрасу», «бір-бірін қуанту», «қуанышта басқосу» деген мағыналарды білдіреді.
Айт – рамазан айындағы ораза амалының аяқталуына орайластырылған мереке.
Ораза айт мейрамы құтты болсын!
Алматы қаласының бас имамы Төлеби ОСПАН