Жаңалықтар
Бүгін, Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазрет Алматы Орталық мешітінде «Қажылықтың хикметтері» тақырыбында жұма уағызын айтты.
Бас мүфти: «Исламның бес тірегінің бірі болған қажылық – Алланың құлдарына берген жақсылықтарға толы зор мүмкіншілігі екені сөзсіз. Тілдік тұрғыда «ұлық тұтқан нәрсеге талпыну», «ниеттену», «оны мақсат тұту» сынды мәнді білдіретін бұл ғибадат түрі – адам баласын ұлы Аллаға жетелейтін, ниетін тек бір Аллаға бағыттап, Оның ғана разылығын мақсат тұттыратын қасиетті құлшылық болып табылады. Сондықтан балиғатқа толған, ақыл-есі бүтін, әлеуеттік мүмкіндігі келіп тұрған әрбір мұсылман баласы, Алланың парыз еткен қажылық сапарын өтеп қайтқаны абзал», – деп сауабы мол ізгі амалға шақырып, мешіт жамағатына рухани нәрлі, жанға азық болатын мәні терең сөздерін жеткізді.
Одан әрі Серікбай қажы Ораз хазрет өз ойын қажылыққа қатысты аят-хадистермен сабақтап, қажылықтың сегіз түрлі даналығына жеке-жеке тоқталды. Мұнымен қоса, қажылықтың қабыл болуы үшін адамның ниетінен бөлек, құлышылық амалдарын қатаң сақтау керектігін ескертті. Қажылықтан кейінгі адамның жағдайын айтып, қабыл болған құлышылықтың пайдасымен бөлісті. Сөз соңында, күні кеше қасиетті Мекке жеріне аттанған қажыларымыздың сапарына мешіт жамағатымен тағы да бір сәттілік тілеп, «ел-жұртымыз айдан аман, жыл есен болып, тек жақсылықтарға жете берсін» деп дұға етті.
Келелі уағыздан мешіт жамағаты хикметке толы құлшылыққа деген түсініктерін қалыптастырып, естігендерін бойларына сіңірді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
БАС ИМАМ ЗИРАТ ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚАТЫСТЫ
Бүгін Алматы қаласы бойынша ҚМДБ «Qamqor-Sharapat» мекемесінің ұйымдастыруымен шаһардағы зират орындары тазартылды.
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ИСЛАМ ФИҚҺЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ АТАНДЫ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Дүниежүзілік ислам лигасы жанындағы Ислам фиқһы академиясының мүшесі атанды....
ДІНИ БАСҚАРМА АЛМАТЫДА АУЫЗАШАР БЕРДІ (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Алматыда зиялы қауым, бұқаралық ақпарат құралдары, түрлі саланың танымал өкілдеріне, сонымен қатар, Ардагерлер үйіндегі қарияларға ауызашар берілді....
БАС МҮФТИ АЛМАТЫДА АУЫЗАШАР ДАСТАРҚАНЫНДА ЖАМАҒАТПЕН ЖҮЗДЕСТІ
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматыда Орталық мешітте болып, ауызашар дастарқанында жамағатпен жүздесті.
РАМАЗАН-2024: 430 ОТБАСЫНА «РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ» ТАРАТЫЛДЫ
ҚМДБ бекіткен Рамазан айына арналған жоспарға сай қасиетті жұма қарсаңында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Алматы өкілдігі мен «Дәулеттен» қоры бірлесе 250 отбасына қайырымдылық шарасын өткізді. ...
АЛМАТЫДА ИСЛАМ ЖӘНЕ ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ (ФОТО
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына барған сапарында Ұлттық кітапханада «Ислам және дәстүр құндылығы» жылына орай ұйымдастырылған іс-шараға қатысты....
ФОТО: БАС МҮФТИ ҚАЖЫЛАРҒА СӘТ САПАР ТІЛЕДІ
Бүгін, Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазрет қасиетті қажылық сапарына аттанғалы жатқан Алматы қажыларымен жүздесіп, оларға сәт сапар тіледі. ...
ҚР Денсауық сақтау министрлігі қажылыққа баратын қазақстандықтарға кеңес береді
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті қажылыққа баратындар үшін жадынаманы жариялады. Қажылыққа жыл сайын әлемнің 160 елінен 2 млн. астам адам қатысады. Қазақстан тарапынан биылғы қажылық маусымына 3000 қажы қатысады. ...
ҚМДБ: ҚАЖЫЛАР АСТАНА, АЛМАТЫ, АҚТАУ, ШЫМКЕНТ ШАҺАРЫНАН ТІКЕЛЕЙ ҰШАДЫ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәлімдеуінше, биылғы қажылыққа отандастарымыз Астана, Алматы, Ақтау, Шымкент қалаларынан тікелей рейспен Жидда, Мәдина шаһарына ұшады. Әуе рейстерін Қазақстан тарапынан отандық Scat, Сауд Арабия Корольдігінен Flynas әуекомпаниялары ұйымдастырады. Ұшу уақыты ...
Алматы: қасапшыларға арналған семинар өтті
Алматы қаласы Орталық мешітінің бас имамы Еркінбек қари Керімбекұлы және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімінің Алматы қаласы бойынша меңгерушісі Ануар Елжановтың қатысуымен Алматы қаласындағы Құрбан айт мерекесі қарсаңында құрбан шалуға атсал...
Алматы Орталық мешіті «Раббың үшін құрбан шал!» акциясын жариялайды
Құрбан мейрамы кезінде мұсылмандардың көпшілігі екі қиындыққа кезігеді: біріншісі құрбандыққа мал іздеп, оны шалу болса, екіншісі құрбандыққа шалынған мал етін тиесілі адамдарды тауып, тарату.
Көптеген адамдар осы діни салт-жораны жүзеге асыру үшін кезектерін бірнеше сағаттап күтуге мәжбүр. Содан ...
Алатау етегінде әуелеген азан үні
Кеше Алматы қаласы орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алматы қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласында өтетін «Әдемі әуезді азаншы» ІІІ Республикалық азаншылар жарысына Алматы қаласы бойынша іріктеу жарысы өткізілді....