«ХАЛАЛ ДАМУ» АУЫЗАШАР ДАСТАРХАНДАРЫНА ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗДІ
![](/media/images/64366fda98893.jpg)
ҚМДБ «Халал даму» ЖШС Алматы қаласы бойынша жауапты өкілдері қала мешіттеріндегі ауызашар дастархандарына тексеріс жұмыстарын жүргізді.
ҚМДБ «Халал даму» ЖШС Алматы қаласы бойынша өкілі Чадаев Маратхан, технолог Сыдық Әселхан және 8 аудандағы джауапты мамандар Рамазан айына орай ауызашар өткізіліп жатқан мешіттерде азық-түліктің Халал стандартына сай қолданылуы тексерілді. Санитарлық талаптар орындалуы жіті қадағаланды. Ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нұсқаулықтар берілді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі