Қырғызстандықтар алкоголь сатудан бас тартуда
Чапаев
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 13:47
Чапаево
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Чапаево
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
03:44 05:48 13:47 19:08 21:35 23:34
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Мухаррам 1446
Миләди
24 шілде 2024

Жаңалықтар

Қырғызстандықтар алкоголь сатудан бас тартуда

Қырғызстандағы бірқатар ауылдар жергілікті дүкендерде спирттік ішімдіктердің сатылуына тыйым салды. Мұндай бастама алғаш рет 2008 жылы Ош облысының Караке ауылындағы тұрғындар тарапынан ұсынылған болатын. Уақыт өте келе бұл шешімді бүкіл Қырғызстан бойынша 30 ауыл құптады. Мұндағы ең басты мақсат – ауылдардағы қылмыс деңгейін төмендетіп, жастарды алкоголизмнен қорғау. Спирттік ішімдіктердің сатылымына тыйым салуға ең басты үндеушілер – ауыл тұрғындары. Олардың шешімдері жергілікті билік, имамдар және дүкендердің иелері тарапынан қолдау тапты. Арақ жоқ ауылдар туралы Ummamag.kg ислами сайты хабарлап отыр.
 
 
Ош облысы: Караке, Мурдаш, Гагарин, Чайчы, Алп-Ордо, Қара-Таш, Мады, Қызыл-Суу, Киров, Алайку ауылдары және Ноокат ауданындағы Қырғыз-Ата ауылдық округінің жеті ауылы.
 
Ош облысының тұрғындары өз ауылдарында алкогольдің сатылуына тыйым салған алғашқылардың бірі болатын. 2008 жылы Ноокат ауданының Караке ауылында жергілікті тұрғындар спирттік ішімдікті сатуға тыйым салу жөнінде бастама көтерді. Оларды Алай ауданының Мурдаш және Гагарин ауылдары қоштады. Ол жерде мұндай тыйым 2013 жылы енгзілген болатын. Тұрғындар маскүнемдіктің кесірінен туындайтын толассыз ұрыс-керіс, төбелестен шаршап, жергілікті өзін-өзі басқарушы басқарманың басшысына дүкендерде спирттік ішімдіктің сатылуына тыйым салу жөнінде хат жолдады. Нәтижесінде, айыл окмоту мейрам кезінде алкогольдің сатылуына тыйым салды. Алайда, жергілікті тұрғындардың көздеген мақсаты бұл емес болатын. Сөйтіп, олар өздері бастап, алкогольдің зияны жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізе бастады. Ақыр соңында, барлық дүкендер спирттік ішімдіктерді сөрелерінен өз еріктерімен алып тастады. Соның арқасында ауылдағы маскүнемдердің саны азайды.  
 
2015 жылғы жер сілкінісінен кейін Қара-Су ауданының Чайчы, Алп Ордо, Қара-Таш, Мады және Қызыл-Суу ауылдары өз ауылдарында спирттік ішімдіктің сатылуына бірауыздан дерлік қарсы шықты. Ош облысы, Қара-Су ауданының әкімінің орынбасары Мурадин Тешебаевтың айтуынша, ол кезде мұндай шешім тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған.
 
«Мұндай шешім аудан тұрғындарының қауіпсіздігі үшін қабылданды. Қара-Су ауданында 172 апаттық ахуалдағы үй бар. Біреу болмаса біреу мас күйінде сол үйлердің біріне кіріп, ұйықтап қалуы мүмкін. Ал, ол үйлер күтпеген жерден күйреп құлауы ғажап емес», - деді әкімнің бірінші орынбасары.
 
Кейінірек «құрғақ заң» Ноокат ауданындағы Қырғыз-Ата ауылдық округінің жеті ауылында және Алай ауданының Киров ауылында күшіне енді. Мұндай бастаманы жергілікті тұрғындар да ұсынды, ал, жергілікті билік оны қолдады.
Жақында ғана 2017 жылдың ақпан айында спирттік ішімдіктерге тыйым Қара-Құлжа ауданының Алайкуу ауылында енгізілді.
 
Исламда спирттік ішімдік пен масайтатын және басыңды айналдыратын ішімдікті ішу харам болып саналады.
 
Мұхаммед Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:
 
«Көп мөлшерде масайтатын нәрсенің аз мөлшерін ішу де харам».
 
Нарын облысы: Комсомол, Мин-Булақ, Бирлик, Таш-Дөбө ауылдары

Нарын облысында алкогольдің сатылуына тыйым енгізген бірінші ауыл Джумгал ауданындағы Таш-Дөбө болатын. 2013 жылдың көктемінде айыл окмоту мен жергілікті тұрғындардың жиналысында алкогольдің сатылуына тыйым салу туралы шешім қабылданды.
Тұрғындардың шешімін айыл окмотудың басшысы Надырбек Бийсеев:
 
«Көктемгі егін жұмыстары жақындап қалған болатын. Сондықтан, адамдар жұмыстарына ден қойса екен дедік. Маскүнемдердің санын азайтқымыз келді. Ұзақ келіссөздердің нәтижесінде барлық спирттік ішімдіктерге тыйым салуға бел будық. Ұрлық, адамдардың ішкілікке тойып алып, төбелесуі және өсек айту азайды», - деп түсіндірді.
 
2015 жылға қарай Таш-Дөбө ауылына Бирлак ауылы қосылды. Ал, бір жылдан кейін алкогольдің сатылымына Мин-Булақ пен Комсомол ауылдары да тыйым салды. Ауылдың басшысы Азатбек Нұрманбетовтың айтуынша, бұл бастама жергілікті мешіттің имамы Рустам Чыров тарапынан ұсынылған. Ауыл тұрғындары мен сатушылар бұл ойды бірауыздан қолдаған.  
 
«Бұл шешімге сатушылар мен тұрғындардың бәрі түсіністікпен қарады. Егер кімде-кім спирттік ішімдік сататын болса, 10 мың сом көлемінде салық салынады. Тыйым күшіне енгелі бері спирттік ішімдік сатқан адам болған жоқ», — деді ол.
 
 
Чу облысы: Беш-Корук ауылы  
 
Мәскеу ауданының Александровск айылдық аймағындағы Беш-Корук ауылында 2015 жылдың 1-ші шілдесінен бастап спирттік ішімдіктерді сатуға тыйым салынды. Мұндай шешім Беш-Корук ауылы тұрғындарының 25-ші маусымындағы жиналыста қабылданды. Көптеген тұрғындар, әсіресе, әйелдер жастардың спирттік ішімдік ішуімен күресу үшін осындай қатаң шараларды қуаттады. Олардың ойынша, алкогольді бөлшектеп сатуға тыйым салудың арқасында ауылдағы әлеуметтік ахуал жақсарып, қылмыстың деңгейі төмендеуі тиіс.  
 
Алла Құранда алкоголь шайтанның адамдардың арасында жеккөрініш пен өшпенділікті тарату үшін қолданатын қаруларының бірі екенін айтады:
 
«Уа, иман келтіргендер! Ақиқатында, арақ, құмар ойындары, пұттар және (бал ашуға тігілетін) жебелер – шайтанның лас істерінен. Одан аулақ болыңдар, бәлкім, мұратқа жетерсіңдер! Шайтан сендердің араларыңа арақ пен құмар ойындары арқылы дұшпандық пен жеккөрушілік салып және Алланың зікірінен, намаздан тоқтатқысы ғана келеді. Енді сендер доғарасыңдар ма?» (Қасиетті Құран, 5:90, 91)
 
Баткен облысы: Кулунду ауылы      
 
Лейлек ауданының Кулунду ауылында алкоголь сатуға үш жыл бұрын тыйым салынған болатын. Алайда, бұл тыйым өткен жылы ғана жүзеге асты. Енді аталмыш ауылдың дүкендерінен алкоголь табылмайды. Бұл бастама жергілікті жастарға тиесілі. Оларды ауылдың ақсақалдары бірден қолдай кеткен. Жастардың көшбасшысы Бақыт Құлматовтың айтуынша, олар өз дегендеріне жету үшін әр сатушымен сөйлесіп шығуға мәжбүр болған.
 
«Біз арақ мәселесін оңай шештік. Белсенділер әрбір сатушыға барып, спирттік ішімдік сатпауын өтініп және шығындарды өтеуге уәде беріп, сөйлесіп шықты. Бірақ, бәрі алкоголь сатудан өз еріктерімен-ақ бас тартты. Тек үш адам ғана оларға уақыт беруімізді сұрады, себебі, мойындарында несиелері бар екен», - дейді ол.  
 
Жастарды алкогольден тыйып, оның орнына көңілдерін спортқа аудару мақсатында қазіргі кезде ауылдың орталығында футбол алаңы салынып жатқан көрінеді. Оған ақшаны 20 және 47 жас аралығындағы жергілікті тұрғындар жинап берген.  
 
Ыстықкөл облысы: Чок-Тал, Орнок, Чон-Сары-Ой, Бает, Оттук және Туура-Суу ауылдары

Ыстықкөл облысының Чок-Тал, Орнок, Чон-Сары-Ой, Бает, Оттук және Туура-Суу ауылдарының тұрғындары алкогольден бас тартып, спирттік ішімдіктерді канализацияға төгіп тастаған. Қырғызстанның басқа аудандарының тұрғындары сияқты, олар да әуелі алкогольді сатып алып, канализацияға төккен де, содан соң дүкендерге спирттік ішімдіктерді сатуға тыйым салған. Чон-Сары-Ой ауылы бұл бастаманы жүзеге асыруға 26 500 сом жұмсаған болса, Оттук ауылынан 115 мың көлемінде шығын шыққан. Ақшаны жергілікті мешіттер мен тұрғындардың өздері бөлген. Көптеген дүкендердің иелері бұған қарсылық танытпаған көрінеді. Чон-Сары-Ойдың ауылдық басқармасының басшысы Ұлан Әбдіқалықовтың айтуынша, аталмыш бастама жай ғана тыйымды енгізіп, алкоголь сатқандарға айыппұл салумен ғана шектеліп қоймай, мешіттерде алкогольдің зияны жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы да іске асырылып жатыр екен.
 

Джалал-Абад облысы: Киров, Қара-Бұлақ ауылдары  
 
Ноокен ауданының Киров ауылында алкогольдің сатылуына үш жыл бұрын тыйым салыныпты. Жергілікті өзін-өзі басқарушы басқарманың басшысы Рахимажан Гапаровтың сөзіне сүйенсек, мұндай шешім халықтың жиналысынан кейін қабылданған. Ауылда түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Гапаровтың айтуынша, қазір дүкендерде алкоголь табу мүмкін емес екен. «Керек десеңіз, тойлар да спирттік ішімдіксіз өткізіліп жатыр», - дейді өзін-өзі басқарушы басқарманың басшысы. Мұндай шешім Ноокен ауданының Қара-Бұлақ ауылында 2016 жылы қабылданған.  
 
Баяндалған оқиғалардың бәрі – белгілі бір аудандардағы жергілікті тұрғындардың жеке бастамасы. Алкоголь сатылымына мемлекеттік деңгейде әлі де рұқсат етіледі. Жұмыс орнында алкоголь пайдалануға тыйым салатын, оның түнгі уақытта сатылуын шектейтін және де БАҚ-та спирттік өнімдерді жарнамалауға тыйым салатын заң жобаларын енгізуге талпыныстар болды. Әзірге аталмыш бастамалар жай ғана «талпыныс» қалпында қалып отыр.

Тақырып бойынша жаңалықтар

Видео: Бішкекте Орта Азиядағы үлкен мешіт бой көтерді
Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Орта Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылысы аяқталды. Мешіт Түркия Діни қорының (TDV) қолдауымен салынған. Осман дәуірінің архитектурасы стиліндегі мешіттің құрылысы Бішкек қаласында 2012 жылы басталған болатын, бұл мәліметті «Анадолу» ақпараттық агенттігі жария етт...
Қырғызстанда көп әйел алуды заңдастыру мәселесі бойынша дөңгелек жиын өтті
Маусымның 10 күні Қырғызстанның астанасы Бішкекте көп әйел алуды заңдастыруға қатысты дөңгелек үстел өтті деп хабарлайды Azan.kz. Озубек қажының сөзіне қарағанда, егер ер адам бірнеше жанұяны асырай алса, ол екі немесе үш әйел ала алады. «Әйел затын асырау керек, олар жұмыс істеп, ақша табуға міндет...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Жорамал: 2070 жылға қарай Ислам әлемдегі ең кең тараған дінге айналады
Мұсылман Үмбетінің басқа діни қауымдар мен конфессиялардан тез ұлғайып жатқаны жайлы жиі естіп жатамыз. Алайда, мұның сандық көрсеткішін біле бермейміз.
Сурет: Apple кампусы ежелгі Бағдаттың үлгісімен салынуда ма?
Әлеуметтік желілердегі кейбір бақылаушылар Apple компаниясының жаңадан салынып жатқан кампусының суреттерін ежелгі Бағдаттың суретімен салыстырып, қызықты ұқсастықты байқады, деп хабарлайды Azan.kz.  ...
Америка әскерінің подполковнигі мұсылман сарбазбен пікірталастан кейін Исламды қабылдады
Майкл Барнс Луизиана штатының Александрия қаласында діни христиандық жанұяда дүниеге келді. Олар аптасына үш рет шіркеуге барып тұратын. Майкл Джарвистегі христиандық колледжде оқып, 23 жасында Америка әскеріне жазылды, деп хабарлайды All American Muslim. ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Мухаррам 1446
Миләди
24 шілде 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 13:47

Екінтіге дейін 00:48

Люди обязаны перед Аллахом совершить хадж к Дому*

Ва алейкум ассалам. Нет. Хадж это индивидуальное поклонение. Его можно совершить за себя или за одно

Администратор Azankz
27 мау. 2024

ДУМК пояснило перенос даты Курбан Айта с 17 на 16 июня

Вроде ДУМК всегда использовал астрономические вычисления, поэтому заранее всегда даты были известны.

Крафтер Кудабай
10 мау. 2024

99 советов Пророка (мир ему и благословение Аллаха) больным

Уалейкум ассалам. В книге приводится прямой перевод достоверного хадиса. Подразумевается, что нисход

Администратор Azankz
18 сәу. 2024

Нрав мусульманина

Ас саламу алейкум уа рахматуЛлахи уа баракатух.телеграмм канал про хорошие нравыhttps://t.me/horoshi

Вадим
13 сәу. 2024

39. «Рия» (Деяния на показ)

Это оборот речи, подразумевающий, в том числе "перед Аллахом". Тем не менее, с целью купирования не

Администратор Azankz
27 нау. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi